+2 дауыс
596 көрілді

Саламатсыздарма! Жаңа жылдарыңызбен! Мына сұрағыма жауап іздеп едім: әдетте ноутбукте жұмыс жасап отырғанымда қуат көзі азая бастайды, сол кезде қуат көзіне қосып, артындағы батарейкасын суырып алып тастаймын. Себебі ноутбук қосулы кезде батарейкасын зарядтау батарейкаға күш түсіреді деп ойлаймын. Қосулы және зарядка алып жатырған ноутбуктің батарейкасын алып тастау ноутбукке зиян келтіруі мүмкінбе?!

P/S: Мен көбіне ноутбукте сағаттап жұмыс жасаймын. Ноутбукті батарейкасыз тікелей тоқ көзіне қосып пайдалануды жөн санаймын.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қалыпты жағдайда, мен де батарейканы алып тастап отырамын. Ток көзіне қосып қойып. Үнемі сымы жанында жүреді, егер розетка болса қоса қоямын. Бірақ, ноутты өшіріп барып батарейкасын аламын. Қажет жағдайда батарейкасын саламын да ток көзінен ажыратып тастаймын. Жақсы әдіс екен. Батарейкам жаңа сияқты ұзақ уақытқа жұмыс жасайды және артық жарық, артық ауыр программаларды батарейкамен қосқым келмейді, себебі ол кезде компьютер қуатты жұмыс жасап, энергияны көп пайдаланады.

Бұның алдындағы ноутымның батарейкасы істемей қалды. Күні түні қосылып тұратын және токқа да, батарейкасы да салынып тұратын. Енді жаңа батарейка алайын десем тез табылмады және қымбатқа шығады екен. Сондықтан, осындай келеңсіз жағдайларды алдын алуға кеңес беремін.

Ассалаумағалейкүм Аl-aster мырза! Тоққа қосулы ноуттың батарейкасын алып тастаған зиян болдығой ия?
Тоққа қосулы ноуттың батарейкасын алып тастаған ноутбукке зиян емес.
Туф, мынау жаңылтпаш болып кетті)))
Ноуттың батарейкасы жоқ, бірақ тоққа қосылып тұрса, ол норм.
Егер токқа қосылып тұрған жерінен бастарейкасын суырып алса, бұлай болмайды.
0 дауыс

Батарейкасын қосып қойып токқа қосамын. Батарейка зарядтала береді, өзім де ноутбукты пайдалана берем.

...