Сайт ашу қазір өте оңай. Әрине, қиындары да бар, бірақ менің айтқым келгені, дайын дүниелер өте көп. Сондықтан, сайт деген жәй қосымша инструмент болып қалды.
Бұрын мысалы адам ағылшын тілін білуі, көлік жүргізу куәлігі болса, қосымша плюс болатын еді, енді қазір компты жақсы пайдаланып, сайтты жақсы қолдана білу де сол плюстер қатарына кірді. Орысша бұны "навык" деп жатады.
Ақша табу қашан да кәсіптің арқасында жүреді. Егер ешкім еңбек етпей, құр сайт жасап отырса, қара жұмыстарды кім жасайды, адамға нақты қажеттіліктер жасалмай қалады ғой, әрине оған сайт керек емес болып қалады, қанша жерден ол сайт кәсіппен байланысып, оған клиент тарту, уақыт үнемдеу, шығынды азайту тұрғысынан пайдасын тигізе алмаса.
Сондықтан, сайтпен пайдасын тапқысы келгендер кәдімгі өмірдегі кәсібін жүргізіп, оған сайт қажет пе деген сұраққа саналы түрде "иә" деп жауап бере алса, неге сайтты іске қоспасқа. Оған қоса, ол сайтты оптимизациялау, жарнамалау жағына да көңіл бөлу керектігін естен шығармау керек. Ол енді кәсібін жүргізіп жатқан адамдарға айтпаса да түсінікті деген ойдамын.