Жаңа жыл әр ел қалай қарсы алады және қай күні қарсы алады?

0 дауыс
646 қаралым
Жаңа жыл әр ел қалай қарсы алады және қай күні қарсы алады? Көбінесе Қытай жайлы толық мағлұматтар болса.
Өмір, Тіршілік

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Жаңа жыл әр елде әртүрлі тойланады. Мәселен, италиялықтар Жаңа жыл күні ескі үтіктерді және орындықтарды терезелерден лақтырады екен. Ал Панама тұрғындары барынша қатты шулау үшін өз машиналарының сиреналарын қосып, ысқырып, бар дауыстарымен айқай салып, шу көтеретін көрінеді. Эквадор хылқы болса махаббат пен ақша әкеледі деген сеніммен iшкиiмге ерекше мән беріледі. Болгар халқы да Жаңа жылды өздерінше қарсы алады. Олар сол күні жарықтарды сөндiріп, бір-бірі­мен қауышып, сүйіседі. Себебі олар үшін Жаңа жылдың алғашқы минуты қауышу, сүйісу сәті болып саналады. Жапондар қоңы­рау­ды 108 рет соғатын көрінеді. Тағы бір қызы­ғы, олар үшін Жаңа жылда ең жақсы сый­лық, бақытты көбірек жинап алуға болатын тыр­науыштар болып есептеледi екен.

Шотландияда Жаңа жыл түні дәстүр бойынша бөшкелерді қара май жағып, көшелерді домалатады. Сөйтіп, Ескі жылды жағып, Жаңа жылды шақыра­ды.

Ал ирландиялықтар үшін Жаңа жыл – діни мереке. Олар Рождество алдында Иосиф және Марияға көмек ретінде шам жағып, терезенің айналасына қояды екен.

Тағыда қараңыз!

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы