+2 дауыс
7.5k көрілді
Хабар арнасының меншікті тілшісі, журналисті деп айтып жатады. Осы журналист пен тілшінің қандай айырмашылығы бар? Екеуі де халыққа хабар жеткізушілер емес пе?!

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл екеуі екі түр.Екеуі бір нәрсе деген қате түсінік.

Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген мамн болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.

 

Тілші– хабар жеткізуші, хабарлаушы.

Редакция аппаратында қызмет істейтін штаттағы маман-журналист (меншікті Тілші, Тілші-ұйымдастырушы т.б.), редакцияның ерекше тапсырмасын орындаушы (арнаулы Тілші) немесе журналистиканың арнайы бір саласына маманданған қызметкер (мысалы, фототілші);
Штаттан тыс, бірақ бұқаралық хабар мен насихат қызметіне тұрақты қатысатын редакция қызметкері (жұмысшы немесе ауылдық, әскери, жас Т., т.б.);
Бұқаралық хабар мен насихаттың басқа бір органына хабар не мақала жазушы газет, радио, телеарна редакциясы (ұжымдық Т.).[1]

Сілтемелер

Қайда сілтеме ?
+1 дауыс

Екеуі бір нәрсе ғо. Тек журналист орысша,тілші қазақ тілінде... Сосын журналист мақала сондайлар жазатын,ал тілші жаңалықтар жүргізетіндер.

Тілші деген орысша корреспондент болмай ма?!
+1 дауыс

Менің ойымша  екеуі екі түрлі мағына журналис ол ақпаратты дайындайды ал тілшілер ақпаратты жеткізеді...

+2 дауыс

Журналист үлкен бір ұғым. Ал тіліші деген соның саласы.

Радиотілші, газет тілшісі, диктор осысынды мамандықтардың барлығының топтасатын жері - журналистика.

 

+1 дауыс
Шығармашылық ортаға келген жас маман журналист болып саналмайды. Тілші ретінде халыққа ақпаратты жеткізіп, салмақты ма мазмұнды мақала жазып оқырманнын ойыннан шыққан кезде және тәжірбие жинаған сәтте оны арнайы мекеме басшысы Журналисттер Одағының мүшелігіне ұсынады. Сол сәттен бастап тілші маманын Журналист деп атауға болады деп ойлаймын.
0 дауыс
Менің оймша екеуі екі түрлі нəрсе
0 дауыс
Тілші мен журналист бір мамандық болып есептеледі. Себебі тілші хабарламаларды, жаңалықтарды, сұхбаттарды алып, дәлелдермен нақты алып телеарнаға жеткізеді. Тілшілер тағы телеарнаға өздері тапқан жаңалықты баяндап, сұхбат береді.

Ал журналисттер тілшілерден жоғары дәрежеде оларда басында тілші қызметін атқарып, журналисттікке көтеріледі. Олар тілшілер алып келген жаңалықты баяндап, халыққа шынайы ақпаратты жеткізеді.
...