0 дауыс
2.7k көрілді

Ит туралы ғылыми жұмыс керек еді, қайдан табуға болады?

Ғылыми жоба ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б.з.б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.[1] Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады. Неміс овчаркасы Орта Азия овчаркалары Мұндай иттерді ұстайтын әуес-қойлар әдетте Армия, авиация және флотқа көмек көрсететін ерікті қоғамның (КСРО ДОСААФ-ы) қызметші-итін өсіретін клубтардың мүшесі болады. Клубтар қызметші итті өсіру жөніндегі көпшілік-оқу орталығы болып табылады. Клуб мүшелері спортпен шұғылданады, көрнекі жарыстарға, әскери-спорт ойындарына қатысады, көптеген ит жаттықтырып, армияға, шекара әскеріне және т. б. ведомстволарға табыс етеді. Клубтар ит өсіруді жоспармен, иттің тұлғасы мен сымбатын жетілдіру, қызметтік қабілетін арттыру, санын көбейтуді белгілі ережемен жүргізеді. Ит өсіріп, көбейтуге төртінші буынға дейінгі тегі белгілі, көрмелерде тұлғасы мен жаттықтырылуы жағынан аса жоғары баға алған иттер алынады. Неміс овчаркасы (шығыс европалық) клубтарда тіркелген барлық иттердің сан жағынан 70%-тейін алады. КСРО-де көп жылдар бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде неміс овчаркасына қарағанда сирақты, бітімі арымды әрі таразы келген, төзімді де қабілетті овчарканың жаңа тұқымы шығарылған. Овчарканың бұл тұқымы еліміздің әртүрлі климатты аймақтарында пайдалануға көнгіш келеді. Бұл ит мемлекет шекарасын орғауға, әскери және өндіріс т. б. халық шаруашылығы объект іл ерін күзетуге ұсталатын иттердің, сондай-ақ іздеусіз кесу қызметші-иттерінің негізгі тұқымы болып саналады, кен-газ іздеу, іздеу-құтқару және басқа да арнайы (санигария, байланыс, мина ізден табу) жұмыстарына ойдағыдай пайдалануда. Кавказ, Орта Азия, орыстың оңтүстік овчаркалары, қара терьер, Москва күзет иті және сүңгуір ит тұқымдары күзет ісіне, мал бағуға пайдаланылуда. Шотланд овчаркасы, эрдельтерьер, ротвейлер, ризеншнауцер көбіне үй мүлкін күзетүге және спорттық мақсатта қолданылады. Шотланд овчаркасы мен эрдельтерьер зағиптарға бағдаршы ретінде, ал шотланд овчаркасы мал бағып-жаюға пайдаланылуда. Иттің боксер, дог, ньюфаундленд, сенбернар, доберман-пинчер тұқымдары қызметші-спорттық мақсаттағы иттерге жатады, бірақ бұлардың кейбіреулері қызметші-ит ролін де ат қара алады. Неміс (шығыс европалық) овчаркасын, колли, эрдельтерьер, қара терьер, сүңгуір, сенбернар және ризеншнауцерді үйде де, қора-жайда да ұстауға болады. Жүні тықыр иттерді (доберман, бөксер, дог) жылы жерде ұстайды. Аң нттері аңшылықтың әр түріне пайдаланылады. Бұларға: тазы (орыс төбеті, орыс дала иті, хортай), жүйрік иттер (орыс иті, орыстың ала иті, эстон иті), сақ иттер (орыс-европалық, батыс сібірлік, шығыс сібірле, карелофиндік иттер), жатаған иттер (неміс жатағаны, ирланд, ағылшын және шотланд сеттері, пойнтер), спаниел, інге салғыш иттер (фокстерьер, такса) жатады.
0 дауыс

ғылыми жұмыс керек болса сатамын.керек болса хабарлас

0 дауыс
http://www.aktobegazeti.kz/?p=19479 http://aitaber.kz/blog/jurfak/4930.html
...