Қайырлы түн жаным әнінің сөзі керек болып жатыр?

0 дауыс
924 қаралым

Қайырлы түн жаным әнінің сөзі керек болып жатыр?

Әннің сөзі

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Арай тобы — Қайырлы Түн, Жаным

Жамылып көк көрпесін мақпал түн жайғасқанда

Сүйсініп терезеңнен қарайды айлы аспанда

Сәулесі дірілдеп жұлдыздар күлімдеп

Жайнасқанда
 

Сезім толы ойларға жүрек жылынғанда

Айқысып кірпіктерің көздерің жұмылғанда

Бақытқа бөлінген ән болып келем мен

Сыбырлауға

Қайырлы түн жаным ерекше сұлуым

Қайырлы түн жаным мөп — мөлдір тұнығым

Саған ғана сыйлаймын

Жүрегімнің жылуын


Аялап айдың нұры жүзіңнен шашқан жақұт

Сырлы түн екеумізді қиалы қосқан уақыт

Еркелеп көз ілген жоқ маған өзіңнен

Асқан бақыт


Тілеймін саған әр кез бақыттың шапағатын

Түсіңде қол ұстасып арманға апаратын

Ардағым сүйкімді, қорғасын ұйқыңды

Махаббатым

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы