+5 дауыс
48.7k көрілді
Жаңа жылдарыңызбен! Жылқы жылы сіздер үшін шуағы мен нұрын шашқан ерекше жыл болсын! Көгершінді айтушы ме ді , хат тасушы құс деп?! Аппақ кептерді ме?! Жалпы осы құсқа хат тасушы деген ат қалай берілген? Алғаш хатты кептер арқыл кім-кімге жіберді екен?! Ол құс қалай хатты апарып , әкеледі?
Әлі толық зерттелмеген мәселе екен, қолымнан келгені осы.
Екеуі бір секілді ғой.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Көгершінді бейбітшілік құсы, достық пен бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің символы, әлемді аралап хат таситын бақыт құсы ретінде есептейді. Әділеттілікті де білдіретін кездері болады. Халық санасында оны хат таситын құс ретінде сіңісіп кеткен, тек қазір хат байлап жіберетін көгершін де жоқ қой.

Кептерді де хат таситын құс дейді.  Оны қазір де қолданады. Ол тіпті интернет жылдамдығынан да тез екен (сілтеме).

Ұқсастықтары: кәдімгі түрлерін хат таситындар дей бермейді, міндетті түрде ақ көгершін немесе ақ кептер хат таситын құстар болып саналады; екеуімен де хат тасуға асыранды түрде үйретуге болады (менің ойым).

Тағы бір қызық мәлімет  асыранды кептерді көгершін деп атайды екен (сілтеме). Рас-өтірігі белгісіз. 

Алғаш рет "Крест жорығы" кезінен бастап қолданысқа енген деуге негіз бар секілді:

«Крес жорығы» еуропалықтарға недей өзгерістер әкелді дегенде мыналарды айта аламыз, «кресшілер» өздерінің кресімен бірге кейін қарай Еуропаға қайтқанда катапультті, оқ дәріні, концентрлік қамалдарды, жұмыр мұнараларды, үшкір аркаларды, шахматты, алдыңғы қатарлы медициналық білімді, алхимияны, көлденең желкенді, навигациялық аспаптарды, жел диірмендерін, доңғалақты арбаны, сол кездегі алдыңғы қатарлы математикалық білімді (нөл мен алгебра) және музыкалық аспаптарды (арфа, гобоя мен лютня) Еуропасына арқалай кеткен. Тауар ретінде кілемдер, жібек, мақта, дәмдеуіштер, цитрустар (апельсин, лимон және т.б.), қант, кондитерлік тағамдарды (нуга, рахат-лукум) тұтына бастады. Үй жануарлары есек, хат тасушы кептерлер мен жүйрік сәйгүліктерді асырай бастады.» (сілтеме)

Ал бірақ басқа деректерде:

"Құстардың навигациялық қасиетін білген көне римдіктер, ежелгі мысырлықтар құстарды алғаш хат тасушылар ретінде пайдаланған."   (сілтеме)

 

Керегі болар:

Бозторғай мен қараторғай – қазақтың төл құстары. 

1 сәуір - Құстар күні.

Англияның Елизавета II – патшайымы сол елдегі Құстарды қорғау ұйымының төрайымы. Оның ұлы Чарльз ханзаданың жеке кітапханасындағы кітаптардың көпшілігі құстар хақында.

Есенғали Раушан (еркек) да  құстар жайлы көп туындыларды жарыққа шығарған.

"Қара бауыр қасқалдақ" әні саяси мәнге ие. Ән Қонаевтің тақтан кетіп орнына Колбинді қойғанына наразылық кезінде астарлы сөздермен туылыпты.

+6 дауыс

Кез келген үй көгершіні хат тасушы бола алады. Ол үшін көгершінді сол үйден алып кетесіз де, керек кезде аяғына хат байлап, жібере саласыз. Көгершін өз үйін адаспай тауып алады. Бұрындары көгершінді сол үшін асыраған. Соғыс кездерінде хат тасушы ретінде пайдаланған.

...