+4 дауыс
10.0k көрілді
Көкек ана, көкек әке деп айтамыз . Ал сол баласын тастап кететін ананың бір себебі болады емес пе?! Оларды ақтайын деп тұрғаным жоқ мен, тек себебі болмаса бауыр еті баласын детдомға тастап кету деген... Осы жерде балам аман қалады , жетім болса да көшеде қалмайды деген ойлар келсе керек ол көкек анаға. Ал жұмырқасын басқа ұяға салып кететін көкек құсы жайлы не білесіз? Ол неге мұндай әрекетке барады екен? Оның жұмыртқасы қандай болады? Басқа құстар біліп қойып ұясынан шығарып тастай ма, әлде көкек балапан басып шығара ма? Көкек неге өз атын өзі шақырады?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір есігін енді ғана ашып,ана мейіріміне зарығып тұрған кішкене ғана періштені өз құшағынан сыртқа итеретін аналарды көкек құсқа теңейтініміз шындық.Ия,бәлкім ана өз перзенті үшін солай жасайтын шығар.Бірақ оларды қалай ақтап аламыз?!Талай таңды үмітпен қарсы алып,мұңмен күнді батыратын жас сәбиге бақытты емес,мұңды сыйлаған үлкендер ғой.Ал көкек құсты ғалымдар зерттеп келе мына тұжырымдарды жасаған екен; • Мәселе, көкек құстың аналығын­да емес, аталығында жатса керек. Неге екені белгісіз, әйтеуір көкек-аталық өз жұ­мыртқасына өш келеді екен. Сон­дық­тан балапанын жыртқыш әкеден қор­ғау мақсатында көкек-аналық ба­ла­­панын өзге ұяға әкетуге мәжбүр бо­латын көрінеді. • Екінші бір зерттеушілер көкек құс­тың дене жаратылысы балапан басуға қабілетсіз дегенді алға тартады. • Көкек фоликулының жетілуі ұзақ уақытқа созылады, егер ол жұ­мырт­қа басуға отырар болса, онда ал­ғашқылары ашылып жатқанда соңғылары әлі жұмыртқа күйінде қала бе­ретінге ұқсайды.Осы тұжырымдар көкектің жұмыртқасын өзге ұяға неге салатынын түсіндіргісі келеді.Бірақ,бұл әлі де тылсым құпия..Ол мейірімді құс болар еді.Егер оны солай жаратса..ол да өз жаратылысы бойынша ғұмыр кешеді..Көркем,көкектің өз атын өзі атауы жайлы нақты дерек жоқ.Ол сол тылсымдығымен қалар.Өмірге тылсым дүниелер керек..
+4 дауыс

Көркем қараңыз.Осыны қарасаңыз бәрін түсінесіз.Көкек ең қатігез құс.Ол басқа құстардың көбеюіне кесірін тигізеді.Көкектің балапаны басқа балапандарды итеріп шығарады.

 

0 дауыс

Алланың берген құсы солай жаратылған шығар

0 дауыс
Көкектің жұмыртқасын қандай түсті болады
0 дауыс
Саламатсыздар ма, көкек құсы терезені қақса ненің белгісі екен, екі үш күннен бері терезені қағып мазалап тұр
Қарны ашқан болар тамақ бер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 17.07.2013 Жанұя сұрақ қойды
+2 дауыс
7 жауап
...