Мектепте ОБЖ пәнінен осы туралы ата аналарыңнан сұрап,ақпарат жинаңдар деген. Ата анамнан сурасам біздің кезіміз жақсы ғой дейді. Сіз қалай ойлайсыз?
Мен әрине біздің кез жақсы деймін.ХХІ ғасыр білімділер ғасыры.
үлкендердің айтуына қарағанда 20 ғасыр жақсы сияқты ғоо,бірақ 21 ғасыр да жақсы ғой,дайын интернет))т.б
Тарих кітабына сүйенсек жиырмасыншы ғасырда көптеген қиындықтар болды. Ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, Ұл азаттық көтеріліс, т.б. болып, қазақ халқы талай қиындықтарды бастан өткерді. Және сол қиындықтарға төтеп беріп, XX ғасырда Тәуелсіз ел болдық. Ал жиырма бірінші ғасырда бірлігі жарасқан мемлекетке айналып, дамып келеміз.
P.S: қай ғасырда өмір сүрсең сол ғасыр саған жақсы!
1970-1986 жылдардың аралығы жақсы болған деседі. Жақсылығы: адамдардың мінез-құлықтары, парасаттылығы, дүниеқоңыз еместігі, сыйластықтары. Қылмыс аз болған. Менің балалық шағымда компьютер, интернет, ақпараттық технологиялар болған жоқ, бала сияқты ойнап өстік.
Маған 21-інші ғасыр ұнайды.Себебі 20-ыншы ғасырда қазақтар үшін қиын ғасыр болды.Қазақтар үшін ол ғасыр қуғын сүргінге толы болды Соғыстар,ашаршылық,көтерілістер көп болды
Алдыңғы ұрпақтарға қарағанда біздің жолымыз болды. Мен қазіргі заманда өмір сүргеніме шүкір етемін.
Бірақ, ол кездің де жақсы жерлері болған екен. Әдебиетке, өнерге көңіл бөлінген. Шын таланттарды бағалай білген деседі.
Мен әрине 21-ші ғасыр қәзіргі ғасыр комьпютер ғасыры
20 ғасыр жаман деп айта алмаймын.Ол кезде жақсы-жақсы жерлер болған.Ол кезде татулықта,жауластықта болған.
21 ғасыр жақсы жері компьютер,медицина,технология жақсарған.Бір жаман жері кейбір адамдардың бір-біріне жауластығы,өлтіруінде,мейрімсіздігінде.
21 ғасыр ұнайды.
Әркімге өз уақыты, өз жастық шағы қызық, жақсы ғой. Маған ХХІ ғасыр жақсы.