Ия апайың дұрыс айтады. Сандар шексіз түбіне жете алмайсың кете береді. Дегенмен математиктер адам күнделікті санауға пайдаланатын тұрмыста өндіріс орындарында әртүрлі нәрселерді санау керек болған соң маетматикалық теорияларға сүйене отырып мынадай сандар тізбегін жасады. Мыңда үш нөл болады. Егер сен әрмен қарай үш нөлден жалғай берсең жаңа сандар пайда болады. Оның реті мынадай болып жалғасады: мың-3 нөл миллион-6 нөл миллиард-9 нөл триллион-12 нөл квадриллион-15 нөл квинтиллион-18 нөл секстиллион-21 нөл септиллион-24 нөл октиллион-27 нөл нониллион-30 нөл дециллион-33 нөл ундециллион-36 нөл дуодециллион-39 нөл тредециллион-42 нөл кваттуордециллион-45 нөл квиндециллион-48 нөл сексдециллион-51 нөл септдециллион-54 нөл октодециллион-57 нөл новедециллион-60 нөл вигинтиллион-63 нөл унвигинтиллион-66 нөл дуовигинтиллион-69 нөл тревигинтиллион-72 нөл кваттуорвигинтиллион-75 нөл квинвигинтиллион-78 нөл сексвигинтиллион-81 нөл септвигинтиллион-84 нөл октовигинтиллион-87 нөл новевигинтиллион-90 нөл тригинтиллион-93 нөл унтригинтиллион-96 нөл дуотригинтиллион-99 нөл гугол-102 нөл. Мәлімет Джонни Боллдың "Бәрі де сандар туралы" кітабынан алынды. Сандар туралы одан әрі жалғай түссек сандар туралы адам сенгісіз жағдайлар өте көп! Сайт қызықтырақ болсын, мәлiметтерді оқи отырыңыздар. Адамдардың барлығы бiрдей санау бiле ме? Әлемде әлi де аз да болса жинаушы аңшылар сияқты тiршiлiк ететiн адамдар бар. Олардың көпшілiгi санай бiледi,бiрақ кейбiреулерi санаумен басын қатырып жатпайды. Амазонияның тропикалық ормандарында тұратын пираха тайпасының адамдары тек "2"-ге дейiн ғана санайды,одан артығы олар үшiн "көп" деген мағынаны бiлдiредi.Танзанияны мекендейтiн хадза тайпасындағылар үшке дейiн ғана санайды.Осы қос тайпа да үлкен сандарсыз-ақ тамаша тiршiлiк жасайды,мүмкiн,оларға үлкен сандардың еш уақытта қажетi болмаған шығар! Кейбір ғалымдар ең үлкен сан ретінде мынаны айтады. Ең үлкен сан центипьон деп аталады. Бұл санды жазу үшін 1санының артына 600 нөл тіркейді. Грэм саны Математиктерге белгілі ең үлкен сан Рональд Грэмнің құрметіне аталған. Басқаша айтқанда маңызды математикалық дәлелдерге қолданылатын ең үлкен сан. Грэм саны үштікпен түрлі математикалық амал жасау кезінде пайда болады. Нәтижесінде гуголплекстен де анағұрлым үлкен сан шығады. Шынында Грэм санының үлкен болғаны соншалық, Жер жүзіндегі барлық затты сияға айналдырғанның өзінде сия оны толық жазып шығуға жетпейді. Сондықтан математиктер Дональд Кнут жасап шыққан арнайы белгілерді ғана қолданады. Мұхиттың суында қанша тамшы бар? Ғаламды толтыру үшін қанша майда құм керек. Кейбір сандардың үлкен екені соншалық, оларды біз тіпті көзімізге де елестете алмаймыз. Математиктер осы мәселені "дәрежелерді пайдалану арқылы шешті. Бір стакан суда 8септиллионға жуық молекула бар ол бәлкім Юлий Цезарьмен бір кезде жер бетінде өмір сүрген барлық адамдардың денесі арқылы өткен молекулаларды да қамтитын шығар. Грек математигі Архимед әлемді толтыру үшін қанша құм ұнтағы керек екенін есептеп көрді. Жауабы: Есептеу үшін оған дәреже ретінде қолданатын мириада (1мириада=10 000) деп аталатын өте үлкен санды қатыстыру арқылы жаңа тәсіл ойлап табуға тура келді. Архимедтің есептеуі бойынша әлемді толтыру үшін 10-ның 63дәрежесі (1вигинтиллион) құм ұнтағы қажет.