Жол-партульдік полициясы тоқтатқан кезде, сіздің машинаңызға тез келіп, сізге өзін таныстырып, тоқтату себебін айтып, мынадай құжаттарыңызды сұрауы керек:
1) Техпаспорт
2) Жүргізуші куәлігіңіз
3) Сақтандыру полисі
4)Техосмотр
Себепсіз машина тоқтатуға болмайды жол-патрульдік полицияға. Және сіздің талабыңыз бойынша өзінің қызметтік куәлігін ашып көрсетуі тиіс. Себебі сізді тоқтатқан адам форманы сатып алып, алаяқтық жасап жүруі де мүмкін. Сіздің машинадан шығуыңыз міндетті емес. Олар фарды, огнетушительді, аптечканы тексере алады. Фарды өзіңіз қосып-өшіріп көрсетсеңіз жеткілікті. Аптечканы тексергенде мындай дәріңіз жоқ екен деуге құқығы жоқ, себебі қандай аптечкада дәрілер тізімі болу керектігі заң жүзінде бекітілмеген.
Егер багажды ашып қарап тексергісі келсе, онда ол протокол толтырып, екі куәгерді(понятые) шақырып, олардың аты жөндерін сұрыстырып, протоколда көрсетіп, солардың көзінше багажыңызды ашып қарауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, олардың әрекеті заңсыз болып табылады. Сіз оларды сотқа бере аласыз, себебі машина сіздің жеке меншігіңіз, оған ешкім қол сұқпауы керек.
Егер сізді жылдамдықты асырдың деп тоқтатса, онда олар радарды сізге алып келіп көрсетуі керек. Сізге машинадан шығу міндетті емес. Әр радар алып жүруге ыңғайлы болуы керек(переносной). Және радардың техпаспорты болуы тиіс. Сіз сол техпаспортты талап ете аласыз. Егер олар алып келе алмаса(батарейкасы істемейді жіне т.б. сылтаулар), онда сіз барып көруге міндетті емессіз.
Ал рейд кезінде, сіз рейд туралы қағаздарын талап етуге құқығыңыз бар. Рейд кезінде багажды ашып қарағысы келсе, екі куәгерді шақырып. протокол толтырып қарау керек. Олай болмаса, заңсыз болады.
Егер шағымданғыңыз келсе, әр қалада сенім телефоны бар, сол телефондарды есте сақтап жүргеніңіз абзалю.