Менің жүріп жатқан қызым алыста оқитын еді, Жаңа Жылға қарсы үйіне келді. Енді жағдай былай болды ғой: менің онымен сөйлесетінімді қыздың әкесі біліп қойды. Қызына ұрысқан, сосын маған қызым телефон соғып айтты: "Сенімен енді жүре алмаймын, әкемнен сөз естігім келмейді" дейді. Мен оған "Кездесеміз бе?" деп айтып едім, содан кейін аяқ астында сол жағдай шығып қалды. Ол маған айтады "Екеуіміз мен оқуға кетем дегенше мен сені танымаймын, сен мені танымайсың" дейді.
Осы жағдайға түсінбей қалдым. Сонда бұл кездеспеудің жолы ма? "Оқуға кеткесін қайтадан жарасып сөйлесеміз" дейді. Не істесем болады? Сонда қыздың мені жақсы көрмегені ме?