Сұрағың қызықтырды, бірақ "4,78 кг терезе шынысын алуға қанша сода және әктас жұмсалады?"-деген есепті қайдан алғаныңды түсінбедім. Негізі шыны дайындау үшін бірінші керекті компоненттерден қажетті пропорцияда шикізат шихта дайындалады. Шихта қандай стандартты шыны шығаруыңа байланысты соған лайықты компоненттерден дайындалады. Мысалы мен 2-3 литрлк банкілер шығарумен айналыстым. Мемлекеттік стандарты ГОСТ СОЗ 66-00, осыған орай компоннттер құрамы кварцты құм 46-48%, бор 2,8-3%, доломить 10-11%, калцилендірілген сода 38-40% ды құрайды. Осы шихтаны арнайы қазандықта (печте) 1000-1100 градуста балқытады дағы арнайы қалыптарға құйылады. Осы жұмсалған шикізаттан (шихтадан) 90-92% таза шыны сұйықтығы шығады. Мен технолог емеспін,бұл жұмысты солар атқарады. Бірақ жалпы басшылықта болғаннан соң күнделікті баяндаулардан (сводкалардан) ойда қалғаны осы.