Хави Реалдан кетеді дейді, сол рас па?

0 дауыс
322 қаралым

Хави Реалдан кетеді дейді, сол рас па?

Футбол
Хаби Алонсо болар.
Йа сол (8 әріптен кем болмасын)

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Тек қана мүмкін.

Испания басылымдарының жазуына қарағанда, «Реал Мадрид» командасының жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо өз командасымен келісім-шарт мерзімін ұзартудан бас тартқан көрінеді.

Алонсоның «королдық командамен» арадағы келісім-шартының мерзімі 2014 жылдың маусым айында толады. Құрама көшбасшыларының бірі саналатын Хабидің Мадридта қалуды қаламауының бір ұшы отбасына байланысты болса, енді бір ұшы жалақыға тіреліп тұрған тәрізді.

Бес жылдан бері Испания астанасында тұрып келе жатқан Алонсо отбасы орта жаңартуды қалаған көрінеді. Бұл бір себеп болса, екіншісі, жалақы мәселесі. Осыдан бұрын Алонсо командадан жылына 8-10 млн евро жалақы талап еткен еді. Алайда бұл талабына «Реал» разылығын бермеген болатын.

Енді ол алдағы жылдың қаңтарынан бастап еркін футболшы ретінде басқа командалармен келісім жүргізе беруіне болады. ФИФА шарттарында солай белгіленген. Келісім мерзімі толуға алты ай қалған футбошы өзіне келесі команда қарастыруға құқылы.

Хаби Алонсоға қазірдің өзінде Манчестерлік қос командамен қоса, «Ювентус» құрамасы да қызығушылық танытып отыр.

ахаххаахаха
0 дауыс

Менің ойымша кетеді

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы