Ата-ана бала үлгерімін интернет арқылы бақылай алады
Интернетке икемі бар оралдық ата-аналар балаларының сабақ үлгерімін енді үйде немесе жұмыста отырып, бақылай алады. Қалалық білім беру бөлімі қолға алған «электронды журнал» жобасы оларға осындай мүмкіндік сыйлады. Бұл жобаға қала қазынасынан- 3 млн теңге бөлінді. Қазір шаһардағы 45 мектептің 43-де арнайы сайттар ашылып, электронды журнал мен электронды күнделік жасақталды. Оған кіру үшін ата–аналарға арнайы логин мен құпиясөз берілді. Енді олар он-лайн жүйесінде ұл-қыздарына қандай үй тапсырмасы берілгендігін, қай пәннен қандай баға алғандығын тексере алады, балаларының тәртібі жөнінде сынып жетекшілерімен электронды хат-хабар алмасады. Ұстаздар жаңа өзгерістің оқушылардың сабақ үлгерімінің жақсаруына, ата-анамен байланыстың нығаюына оң әсер еткенін айтады.мына жерге кір [http://kundelik.kz/help/student][1]
Ерденбек Жылқайдарұлы
[1]: http://kundelik.kz/help/student