0 дауыс
9.1k көрілді
(rofl)

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің алдында еркелеп өседі. Ол оң жақта отырғанда-ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерін үйреніп, үй шаруасына икемделіп, жинақылық пен таза болуды ұдайы есте сақтауы керек.
Күні ертең біреудің босағасын аттаған кезде жақсы келін атану үшін қыз баланың бойына кішкентайынан мейірбандылық, адалдық, сыпайылық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дарытқан жөн.
Қыз бала өзіне өмірлік жұбайын таңдаған кезде ерекше жауапкершілікпен қарап, оның маңызын түсінген абзал. “Қызға – қырық үйден тыю” деп дана халқымыз бекер айтпаған болар. Сондықтан да қыздар сән қумай, ашық-шашық киінбей, жүріс-тұрысына мән берсе, құба-құп.
Келешекте сүйкімді келінге қажет қасиеттерді зердеге түйіп, жақсы жеңгелерден үлгі алу әрбір қыз балаға артық болмас еді. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде: “Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды”, – делінген. Әдеп сақтап, инабаттылық таныту қыз балаға жарасып тұрады. Бұл – тәрбиенің көзі.
“Қыз еркем, кестесімен көркем” дегендей, қыз бала иненің икемін біліп, ою ойып, кесте салса, қандай жарасып тұрады емес пе?!
Қыз бала жат жұрттық саналады. Ата-ана бауырында аз күн қызықты дәуір өткізгенімен, өмір бойы бірге тұрмайды.
Халқымыздың талантты ақындарының бірі Әбубәкір Қайранның мына бір өлеңі есіме түсіп отыр
Әйелдер бар… арлы, нұрлы, ұятты,

Тірегі олар тіршіліктің миятты.

Кейде маған Хауа ананың қыздары

Жер бетінде қор болып жүрген сияқты.

 Жер бетінде қасиет бар аздаған,

Ол – әйелдің ары ғана азбаған.

Ауа сынды қажеттігін әйелдің,

Еркектерге түсінуге жазбаған.

 Еркек сондай өркөкірек, сормаңдай,

Өзі туып, өзі кісі болғандай.

Ол әйелді басынады арланбай,

Ол әйелге жалынады қорланбай.

 Біз, еркектер, бітеу жанбыз, іштармыз,

Қарқылдаған қанаты жоқ құстармыз.

Біз жерікпіз, көз жасына әйелдің,

Сондықтан да жылатуға құштармыз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
10 жауап
Белгісіз 18.03.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...