+1 дауыс
1.6k көрілді
Мамандық таңдай алмай жүрмін,негізінен,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқимын,осы пән бойынша бірталай жарыстар мен олимпиядалардың бірнеше рет жүлдегері де атанғам. Бірақ,өкінішке орай ҰБТ-да бұл пәнді таңдағым келмейді,себебі мамандықтары ұнамайды. Енді физика немесе химия пәндері арасында таңдау жасай алмай жүрмін

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Химияны таңда да, "Мұнай және тау-кен ісі кафедрасына" оқуға түс. Ертең осы сайттың демеушісі  ретінде көретін болайық :) 

Сізге жауабыңыз үшін көп-көп рахмет,бірақ мен уран мен мұнайдың ортасында туып сол кеннің жұмысшыларының арасында өстім ғой,сол себепті ол жаққа барғым жоқ! анам да:  "химик-технолог болсаң осы жерге жұмысқа қоям,маған да көмекші боласың,"- дейді. Сол себепті мен ол мамандық иесі болғым келмейді.
"Физика"-ның теориясын оқып, тәжірибиден өтіп, "Технолог" болып жүрген азаматтардың жұмыс ортасы  да жақсы-ақ :) Таңдау, бәрібір сенің қолыңда, сәттілік, Ақниет :)
көп рахмет
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

0 дауыс
Қазір не таңдадыңыз? Менде тура осындай жағдайда тұрмын не істесем болады((
...