+1 дауыс
586 көрілді

Салт- дәстүр, мемлекеттік рәміздер бен ғимараттардан басқа 25 заттың атауы қажет. Рақмет :)

Тағы, тағы, көбірек жауап болса нұр үстіне нұр. Бізге идея керек!

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көкпар, домбыра, ою-өрнек, қобыз, қымыз, шұбат, айтыс, қазы -қарта , алтын адам, кең -байтақ жер қазақ жері, қазақ күресі, бөрік, камзол, сары самаурын, ақ құман, қаражорға биі, ақберен, қылыш, дулыға, шоқпар, сәукеле, беташар, қыз қуу, бесік , қонақжайлылық
Көркем, сен болмасаң :))
+1 дауыс

Шаңырақ, Бүркіт, Барыс, Сұңқар, Киіз үй, Қазақ ауылының бейнесі, Төрт түлік мал, Қазақтың ауыл ақсақалдары, т.б.  Қазақ халқын бейнелеп керек заттарын сараптай берсең ой түбіне батып кетердейсің...

Алғысым жауабыңа :)
+1 дауыс

Астана, Бәйтерек, Қыран, Құсбегі, Азаттық монументі, Қорқыт Ата, Әл Фараби, Күлтегін, Тың игеру, Байқоңыр, Бекет Ата,Наурыз, Киіз үй, Алтыбақан, Ақсүйек ойыны, Тоғызқұмалақ, Асық, Азиада.

Рақмет, Ержан :)
+2 дауыс
Тазы, киіз үй,шаңырақ,уық,кереге,хан,сұлтан,болыс,ру,тайпа,ақ киізге отырғызу,найза,садақ,қорамса,текемет,алаша,сауыт-сайман,дулыға,сәукеле,жүген,қымыз,құлын,құнан,ауыздық,саумал,тай,айыл,дөнен,ер-тоқым,үзеңгі,таға,атбегі,шабдыр,жабағы,тұсау,қамшы Қазақтың көне аспаптары: Үрлеп ойналатын түрі: 1.Бұғышақ 2.Керней 3.Қамыс сырнай 4.Қос сырнай 5.Мүйіз сырнай 6.Саз сырнай 7.Сыбызғы 8.Тастауық 9.Ұран 10.Үскірік 11.Ысқырауық Шертіп ойналатын түрі: 1.Домбыра 2.Жетіген 3.Шертер Қияқпен ойналатын түрі: 1.Қылқобыз Ұрып ойналатын түрі: 1.Дабыл 2.Даңғыра 3.Дауылпаз 4.Дұдыға 5.Кешшік 6.Шыңдауыл Сілкіп ойналатын түрі: 1.Асатаяқ 2.Қоңырау 3.Шаңқобыз 4.Шың
Барлық аспапты бір "Ұлттық аспап" сөз тіркесіне енгізсең, жарар еді. Рақмет, Ұлықбек.
Қайсысы қай түрге жататын біліп жүресің ғой.
Белгісіз
Еселенген алғысым. Фанатыңмын :)
...