Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Женьшеньді: атеро-склероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады. Алтын тамырды мидағы ісік, асқазан жарасы, бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданады. Қанды тазартып, адамның жастық қуатын қалпына келтіретін де қасиеті бар. Дәрілік шөптердің түрі көп. Ең көп пайдаланатынымыз -адыраспан. Сәл тұмау болып , түшкіріп -пысқыра бастағаннан ақ әжем үйді адыраспанмен түтетіп жібереді. Сосын киікоты деген шөпті қолданамыз ,қымызды меске құйып сол киікотымен ыстайды. Исі де , дәмі де әдемі болады. Жалбыз деген бар , ол шөп бүйрек тасын түсіреді дейді. Шашыратқы деген шөп бар , әжем басы ауырса сонымен жуып отырғанын көргенмін. Айта берсем таусылмайды, бірақ бұл дәрілік шөптерді жөн-жосықсыз пайдалана беруге болмайды.