Қызыл теңіз— Үнді мұхитының Арабия түбегі мен Африка аралығындағы құрлық аралық теңіз. Жағалаулары Египет Араб Республикасы,Судан, Эфиопия, Сауд Арабиясы, Йемен Араб Республикасымен шектеседі. Суэц каналы арқылы солтүстік жағындағы Жерорта теңізімен, Баб-әл-Мандеб бұғазынан Аден шығанағына және Араб теңізіне ұласады. өзегі 1932 км, енді жері 305 км, ауданы 460 мың км², су көлемі 251 мың км3, ең терең жері 3039 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары: Дахлак, Фарасан, Суакин. Қызыл теңіз — дүние жүзіндегі ең жылы (32ӘС) және ең тұзды (41,5%) су айдындарының бірі. Суы негізінен көкшіл-жасыл түсті. Теңіз балдырлары кейде теңіз суына қызғыш рең беретіндігінен Қызыл теңіз аталынған болса керек. Жануарлар дүниесінен дельфин, дюгон, алып тасбақа және балықтың 400-ден астам түрі кездеседі, маржан тастар алынады. Басты порттары — Суэц (Египет), Порт-Судан (Судан), Жидда (Сауд Арабиясы), Массауа (Эфиопия), Ходейда (ЙАР).