Менің марқұм нағашы атам көзі көрмей қалып еді , қайтыс боларынан бір жыл алдын. Әр барғанымда даусымнан танып қуанып кететін жарықтық. -Түсімде көріп едім кеше , келетін шығар деп отыр едім дейді.Қасында отырғанда білдірмей жылап отыратынмын. Шарасыз болу сұмдық нәрсе. Апармаған дәрігері қалмады нағашымның.. Бірақ атам өмірінде көп нәрсе көріп кетті. Соғысқа барды , ұлын ұяға қызын қияға қондырып , немере сүйіп кетті. Ал мына зағип болып туылған жандар ше?! Ешнарсе де көре алмайды. Мына өмірді қалай елестетеді десеңізші! Осы зағип болып туылған адамдар түс көре ме екен?
Меніңше көреді деп ойлаймын түсті көз емес шығар көретін.
Бірақ түсімізде,өңімізде көргенімізді көреміз ғой.
Соқыр адам түсінде тек дауыстарды еститін шығар,бәлкім.
Қоршаған ортаның ықпалы оған қандай болса, түсі де сондай. Олар түсті көруі тиіс, қалай көрседе. Өйткені оған көз емес, ми жауап береді.
Соқыр деп айтқаныңыз өрескелдеу шығар,зағиып деп айтсаңыз дұрыс болар
Туылғаннан зағип адамдар түс көрмейді деп жатады. Түс дегеніміз күндізгі болған оқиғалардан болады.
Туғаннан бері зағип болса онда ол түс көре алмайды,ал егер туғаннан кеәін болса онда ол түс көре алады
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы