+1 дауыс
356 көрілді

Мен 15 жастамын.Артымнан ерген титтей екі бауырым бар.Әкем болса алыста жұмыста.Ал анам болса....Жұмысы бар,жанұямызға қаражат та жеткілікті,достары да,туыстары да сыйлайды.Сырттай қарағанда әдемі жанұямыз.Мені бірақ осы анамның жайы ашындырады.Үйдің үлкені болған соң бар салмақ өзіңе түседі екен.Анам таңертеңнен түске дейін жұмысына барып келеді,түсте жап-жақсы отырып тамағымызды ішеміз,үшеуіміз сабаққа кетеміз.Ал мен кешкісін сабақтан келсем,төсекте мас болып қорылға басып,сасып жатады.Жарайт ұйқтаса ұйықтай берсін деп,үндемей жүріп пешті қыздырып,үйді жинап,бауырларымның тамағын істеп беріп жүремін.Кейде осылай тып-тыныш ұйықтап қаламыз.Бірақ сонда да анаң сондай болып жатқан жүрегің ауырады екен.Ал кей күндері тіпті түсте жұмыстан да келмей түнге қарай бірақ келеді.Оның өзінде анда отырмын,мында отырмын алып кет дейді.Қараңғыда дірдектеп барып алып келемін.

 Ал бүгін де солай болды.Жана он жарымға қарай осы магазиннің жанында тұрмын,алып кет жүре алмай тұрмын деп звандады.Далада қатты боран соғып тұр екен.Қорықсам да қардың астында қалып қойадау деп жалғыз шықтым.Көше бойы таппай жынды адамша мамалап айқайладым.Таппадым.Үш рет солай барып келдім.Сосын таппағансоң жаныма оятып алып көрші үйдегі кісіні алып шықтым.Сөйтсем магазиннің артында құлап қалыпты.Көргенде жүрегім ауырып,жылап жібердім,көрші кісіден анамнан бұрын мен ұялдым.Сүйреп үйге әзер әкелдік.

Міне күнім осылай жылаумен өтуде,осыдан да болар көбінесе көңіл-күйім де болмады.Сонда менің жастық шағым осылай өте ме?Өзімнен бұрын бауырларымды аяймын,келесі жылы оқуға кетсем олар не борлар екен.Әкем менің мен 1-сыныпқа барғанша ішіпті,сосын бір күні біз қатты еңіреп жылағанда енді ішпеймін деп ант беріп,содан бері аузына алған емсе.Ал анам болса күнде жыласам да,туыстары айтса да қоймайды.Папама айтайын десем аралары ашылып кете ме қорқамын.Ал әкем 2-3 күнге демалысқа келенде түк болмағандай аузына алмай жүреді,ал еткен бетте тағы бастайды.Өтінемін айтыңыздаршы қалай қойдыруға юболады арақ ішкенін?Мүмкін дәрі берсе қоя ма екен?

 

Сұрақтың жабылу себебі: Ақымақтықтың салдарынан

4 жауап

–1 дауыс
Оз-озиме кол жумсаймын деп коркытсан кояма?
–1 дауыс

болады деп оилаимын  ози коигысы келсе казакка каралмайма арнаиы дарилер бар ол дарини ишсе барибир баса жери аурады оданда мамана аит ишпе деп

+1 дауыс

Оның бір ғана жолы бар: ағайын-туыстарыңмен кеңесіп, анаңды наркологиялық диспансерге жатқызып емдету керек. Емделу курсы 40 күн.

–1 дауыс

Емделу керек деп ойлаймын.

...