0 дауыс
16.3k көрілді

Нағашы туралы өлең керек! Заттыбектің, Клара Төленбаеваның өлеңдері емес.. Осындай өлең Мен сені жақсы көрем нағашы жан деген! Бір әнші әйел айтады умытып қалып отырмын көмектесіңізші керек болып тур маған! 

өлең емес,мүмкін ән шығар
Ан ба олен ба билмейм?? Бирак айел адам айтады

3 жауап

0 дауыс

Айналайын ағасы

Болдың-ау маған нағашы.

Ауыл аймақ аман ба?

Бұтағы мен ағашы. )))

Жок олай емес((
0 дауыс

нағашыма

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,

Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.

Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,

Ардақты анашымның туысы деп.

Аяулы інісі деп ақ мамамның,

Сырымды саған ғана ақтарамын.

Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,

Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.

Бейнеңнен бір ұқсастық тапсам таныс,

Байқатпай қарай берем қалып тәріз.

Анамның қымбат жүзі түседі еске,

Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс.

Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па,

Жүгірем ит үргенде түнде тысқа.

Анамды сағынғанда сені ойлап,

Өткізем алаңдаумен күнді қысқа.

Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,

Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.

Қараймын көкжиекке күнде тұрып,

Артыңда анам келе жатқандайын.

Жооок ондай емес
0 дауыс

http://music.nur.kz/1091061-soz-nafashi мынау ма?

жоок бул емес әнші әйел адам айтады өлең ол мундай создер емес
...