Адамдық іс деген тақырыпқа шығарма?

0 дауыс
4.7k қаралым
Адамдық іс деген тақырыпқа шығарма?
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Адамдық іс

Тұрмағанбет Ізтілеуов

Күн туса, нұр қашады айдан-дағы,
Жарлы жақсы, қайырсыз байдан-дағы;
Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,
«Бұл сөзді таптың, - деме,- қайдан тағы?»
Тұлпардың тұқымының туымы бар,
Белгілі ат болуы тайдан-дағы.
Алда - аға, артта - іні жетіп тұрса,
Жігітке ол бір құрал, сайман-дағы.
Деген бар: «төртеу түгел - төрге шығар!»
Төрің сол - бақыт құстың айналғаны.
Алтау боп - аузың ала бола қалса,
Дұшпанға құл боп анық байланбағы.
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады.
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.
Адамдық иісіңе жұрт аңсап тұрсын,
Не керек, қарыныңның құр  майланғаны?!
Көңіліне: «Мен де адаммын!»  деп жүрген көп,
Кілегей майға ұқсаған айрандағы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы