Күн дидарлы Қазақстан әнінің сөзі(текст)керек еді?

+1 дауыс
13.6k қаралым

Күн дидарлы Қазақстан әнінің сөзі(текст)керек еді?Өтінемін тауып беріңіздерші?рахмет.

Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс
Күн дидарлы Қазақстан

Жанарыма нұр сыйлаған

Жүрегіме жыр сыйлаған

Құшағыма гүл сыйлаған

Алтын бесік – туған жерім

Күнің болып аймалайын

Жырың болып айналайын

Айналайын, айналайын

Күн дидарлы Қазақстан

Құтты қоныс өскен жерім

Бір балаң боп өтемін ғой

Алыс кетсем аңсап сені

Құстай ұшып жетемін ғой

Күнің болып аймалайын

Жырың болып айналайын

Айналайын, айналайын

Мәңгілік ел – Қазақстан

Қойнауы мол теңге тұңған

Кең жайлауы малға толған

Жерұйықтай жері дархан

Жаны жомарт елі дархан

Күнің болып аймалайын

Жырың болып айналайын

Жүрегімнен ән арнадым

Туған жерім – Қазақстан

Күнің болып аймалайын

Жырың болып айналайын

Айналайын, айналайын

Туған жерім мәңгілік ел - Қазақстан
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы