+1 дауыс
10.0k көрілді

Иероглиф дегеніміз не? Әріп екеуінің айырмашылығы бар ма? толық жауап күтемін.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Иероглиф - кейбір хат жүйелеріндегі жазбаша таңбаның атауы.

Иероглиф сөз де буын да болуы мүмкін.

Айырмашылқтары:

Әріп - дыбысты білдіреді,  ал иероглиф - ұғымды.

0 дауыс

Иероглиф (гр. hierоs — қасиеттi, гр. glyphe — қиылып алынған) — идеографиялық жазудың таңбасы.[1] “Иероглиф” деген терминді бірінші рет Климент Александрийский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б.з.б. 4-мыңжылдықта пайда болған. Иероглиф тек көне Мысыр жазуы деген мәнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай, крит, т.б.) қатысты да қолданылады. Иероглиф деп лотографиялық (бір сөз) мәндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Ол пиктографияға (сурет жазуына) да, дыбыстық жазуға да жатпайды, бірақ ол нағыз сурет бейнесін сақтамағанымен, алғашқы суретке ұқсастығы аңғарылады. Иероглиф жазуының әр таңбасы жеке тұрады, таңбалар бір-бірімен қосылмайды. Иероглиф жазуы жоғарыдан төмен, кейін оңнан солға, кейде керісінше ойылып жазылған. Жазудың бағытын таңбадағы адамның, жануардың беті мен аяғы көрсететін болған. Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған. Иероглиф жазуының екі түрі болған:

иератик (гиератик) жазу – папирусқа жазудан пайда болған жазу үлгісі, бұл кейін тек діни жазуға айналған;
демотик жазу – иератиктен дамыған тез жазу, мұнымен іс қағаздары, көркем шығармалар жазылған, ертеде шыққан кітаптар көшірілген, сондықтан да ол халықтық жазу деп аталған.[2]

Иероглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглифтің таңбалары ретiнде заттың, жануарлардың, өciмдiктiң, құстың, т.б. суреттерi қолданылған. Мысалы, Мысыр иероглиф жазуларында сурет формасы, ал Қытай иероглиф жазуларында пиктографиялық ерекшелiк басым.[3][4]

Ақпарат мына жерден алынды!

Орысша ақпарат!

Әріп екеуінің айырмашылығы бар ма?
Википедиядан қарай салмайсыз ба hinthef
Мына суретті қараныз,бұл жаңағы зат,аң құс арқылы сөздерді жеткізеді!
АЛ әріп міне А,С,Щ,В,К деген сияқты осы әріптер арқылы сөйлемдер құрап жазып өзімге жеткіземіт деген сияқты ма)!
Несипбаева Ару, уикипедияда барын білмедім.
 Нұрғалиев Қуанышбек, сосын тыныс белгілерді дұрыс пайдалан. Артық "леп белгілердің" қажеті жоқ.
ыыы қалайсыңдар амансыңдарма ) Экранды видеоға түсіретін қандай программа бар ?!
яя қолым үйреніп кеткен.қалай жазғаным дұрыс па?
Ашампо снап 5, т.б.
0 дауыс
опшым таңба атауы
...