Күнді өзінің серіктерімен бірге ғаламшарлар және мыңдаған кіші ғаламшарлар немесе астероидтар айналып жүреді. Олар негізінде үлкен тас кесектерінен немесе металл араласқан тастардан тұрады. Бұл шоғырлануды астероидтар белдеуі деп атайды. Бір кезеңдерде Марс пен Юпитердің аралығында Фаэтон деген ғаламшар айналып жүрсе керек. Кейінірек ғаламшарлар жарылып, оның қалдықтары жан-жаққа шашырап қазіргі астероидтар бөлінген. Астероидтардың диаметрі 1км-ден 100км-ге дейін жетеді. Келесі аспан денелеріне комета жатады. Оның құрылысында астероидтардан айырмашылығы бар. Оның негізі тастардан, шаң-тозаңдармен араласқан алып мұздардан тұрады. Олардың орбитасы шар тәрізді емес, шартты түрде сопақша орналасқан. Яғни уақытының көп бөлігін күннен өте алыста айналады. Күнге жақындай түскенде оның ядросы күн сәулесінің әсерінен қызып, біртіндеп ери бастайды. Сол кезде оның құйрығы пайда болады. Сондықтан оны кейде құйрықты жұлдыз деп атайды. Тастардың, астероидтардың кометалардың кішігірім бөлiнiп шыққан темiр, тас бөлшектерін метеор денелер дейді. Жердің орбитасынан өткен кезде олар көбiнесе жанып кетеді. Кейде олар ағып бара жатқан жұлдыз сияқты көрінедi. Cоған байланысты оларды ақпа жұлдыздар немесе метеор деп атайды. Олардың атмосферадан жанбай өтіп жерге жеткендерін меториттер деп атайды. Метеориттердің атауы көбіне олардың құлаған жеріндегі елді мекендермен немесе жер атауымен аталады. Олардың салмағы бiрнеше тоннаға дейiн жетуi мүмкiн. Меториттер кратер қалдырады яғни үлкен ойық. Ең терең метеорит кратері қайда? Метеор жерге құлағанда атмосфера қабаттарынан өтеді. Мұндай кезде "ғарыш кезбесі" ғаламат энергияның әсерінен от боп жанып кетеді. Сөйтіп күйген тас метеоритке айналады. Жер бетіндегі метеорит қалдырған үлкен ойық- АҚШ-тың Аризона штатындағы алып кратер. Оның диаметрi-1700 метрге, тереңдігі 200метрге жетеді. Түсінікті болар деп ойлаймын!!!