Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да "Уақыт” атты банкінің тұтынушыларымыз.
Күн сайын қолымызға пайдалансын деп 86400 секунд беріледі. Берілген бұл шектеулі уақытты басқа күнге не қоса алмайсың, не ертеңгі күннің уақытын мезгілінен бұрын қолдана алмайсың. Күндік уақыт қорымыз таңертең толып, кешке ада болып отырады. Өткен уақытты қайта иелене алмайсың. Сондықтан, күнделікті қолыңа түскен осы қазынаны өміріңдегі бақыт, денсаулық, жетістік, ырыс-береке, бақ сияқты маңызды нәрселерге жұмса. Аллаға құлшылық қыл! Бес парызыңды түгел орында! Ата-анаңа жақсылық қыл! Заман зулап өтіп барады, күнде ең жақсысын жасауға тырыс. Уақыттың қадірін толығырақ түсіну үшін мына теңеуге бір қарашы:
· Бір жылдың қадірін мектепте сол сыныпты қайтадан оқуға қалған оқушыдан сұра.
· Бір айдың қадірін 8 айлық баланы туған анадан сұра.
· Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.
· Бір сағаттың қадірін сүйгенін күтіп отырған ғашық жаннан сұра.
· Бір минуттың қадірін пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра.
· Бір секундтың қадірін апат аузынан аман қалған жүргізушіден сұра.
· Ал бір миллисекундтың қадірін олимпиадада 100 метр қашықтыққа жүгіру сайысынан күміс медаль алған атлеттен сұра.
Мінеки, уақыт бізге берілген үлкен қазына. Осы қазынаны маңызды нәрселерге жұмса. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтпейді, өткен уақыт – тарих, ал келер шақ сырларға толы. Осы сырларды арзан нәрселерге айырбастама...
Мына сілтемеден алынды.
Осы сөздер сізге әсер етеді деп ойлаймын.