+1 дауыс
625 көрілді

Заңсыз өнім деген не? Мысал келтіре аласыз ба?

ҒАЛАМТОРҒА ЗАҢСЫЗ ӨНІМ САЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Қазақстандық интернет сайттарға түрлі бейне клиптер мен фильмдерді автордың рұқсатынсыз орналастыруға тыйым салынбақ. Бұдан былай ғаламторға өз еркімен ән мен күйді жүктейтіндердің жолы кесіледі. Өйткені елімізде «Авторлық құқық пен сабақтас құқық жөніндегі» Заңға толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сөйтіп, біреудің өнімін ғаламторға заңсыз орналастырғандар қомақты айыппұл төлейді.

Ғаламторға сан алуан ән мен биді, фильм мен бейне түсірілімдерді емін еркін орналастырып келгендердің жолы кесілетін болды. Зияткерлік меншіктің сойылын соғатын мамандар авторлық құқықты қорғауға мықтап кірісті. Енді интернетке әнші мен күйшінің туындысын орналастырушылардың қалтасы қағылмақ. Бірінші, ақпаннан бастап Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселесі бойынша өзгерістер енгізіледі.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Заңсыз деп рұқсаты жоқ, шығаруға рұқсат етілмеген өнімдерді айтады.

Жаңалықтарда көріп жатамыз ғой, жасырын арақ-шарап, шұжық жасап жатады, міне, солар - заңсыз өнімдер.

Оның зардабы мұнда және мен айтқан заңсыз  арақ-шарап туралы мында айтылған.

Қуанышбек, ылғи да асығыс-үсігіс, қате жазасың, осы жолы өзің өңдеп жіберші.)
Қай жері!?
Мен өңдейін, сосын өзің салыстырып қарарсың.
+2 дауыс

Заңды түрде бекітілмеген, жеке меншік өнім. Заңсыз өнімге мысалы: арақ-шарап немесе жеке фермасы жоқ өнімдер.

+2 дауыс

Дайана, қалай сонда "арақ-шарап"? Заңсыз өнім деген-құжаты жоқ өнім.

Жоқ , заңсыз арақтарда болады ғой. Маркасыда белгісіз,рұқсатсыз шығарылып жатқан арақтар.
+2 дауыс

Заңсыз өнім деп заң тұрғысында ешқандай рұқсаты жоқ (оны сатуға, оны жасауға,ж\е т.б тұрғыда) өнімдерді айтады. Мысал келтіретін болсақ негізі ең көп таралған заңсыз өнімдерге темекі, есірткі, спирттік өнімдерін жатқызуға болады.(еліміздің өзіңде осы заңсыз өнімдер бойынша тәркілеу жүргізіп, оларды жайған болатын)

+2 дауыс

Мемлекетімізде өндіруге, пайдалануға тыйым салынған бәңгі,дәрі-дәрмек,қару-жарақ т.с.с, сонымен қатар мемлекеттік лицензия мен салықтан айналып өткен кез-келген өнім түрлері.

Бәңгі деген не?
наркотик деген...
...