+2 дауыс
11.7k көрілді

Маған көлікпен жол жүру ережесінің қазақша нұсқасы керек еді,Соған көмектесіп жіберсеңіздер,өтініш

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРI

Ескерту. Мәтіндегі "милиция" деген сөз "полиция" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.

1.2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

автомагистраль - 5.1-белгісімен белгіленген және бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда - жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, темір жолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол;
автобус - жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы;
автопоезд - тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы;
багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;
Ескерту. Осында және бұдан былай жол белгiлерi нөмiрленуi 1-қосымшаға сәйкес келтiрiледi.

жол қозғалысының қауiпсiздiгi - оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi;

велосипед - мүгедектердiң арбасынан басқа, екi не одан көп дөңгелек бар және үстiндегi адамның дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы;

жүргiзушi - көлiк құралын, жүгi бар, салт жануарларды немесе табынды жолмен басқарушы адам. Жүргiзудi үйренушi де жүргiзушiге теңестiрiледi;

мәжбүрлi аялдау - оның техникалық ақаулығынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауiптiлiктен, жүргiзушiнiң (жолаушының) жай-күйiне, жолда кедергi пайда болуынан көлiк қозғалысының тоқтауы;

басты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3 белгілерімен белгіленген немесе 5.1 белгісі бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда, тікелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;

газон (гүлзар) - қалалық жер тізілімінде «газон» («гүлзар») ретінде айқындалған, айқын белгіленген шекаралары бар жер учаскесі;

жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған жағдайда бөлу жолақтарын қамтиды;

жол қозғалысы - көлiк құралдарын пайдаланып немесе оларсыз (жаяу жүргiншiлердiң) жолдың бойымен адамдардың немесе жүктердiң орын ауыстырулары кезiнде, сондай-ақ осы орын ауыстыруларды реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;

жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойымен қозғалысы кезiнде және оның қатысуы процесiнде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүктер бүлiнген, не өзге де материалдық зиян келтiрiлген оқиға;

темiржол өтпесi - жолдардың темiр жолдармен бiр деңгейде қиылысуы. Жолдың учаскесiнiң жақын жердегi рельстен 10 м арақашықтықтағы сызықпен көрсетiлiп шектелген учаскесi өтетiн шекарасы болып табылады;

жүрiс бөлiгiнiң шетi - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ жүрiс бөлiгiнiң трамвай жолдарымен жол шетiнде жанасатын жерлерде жол төсенiшi өтетiн шартты сызықпен айқындалады. Жол танабының төсенiшiн, оның iшiнде жолдың жағдайына орай, айқындау мүмкiн болмаған кезде жүру бөлiгiнiң шетiн таптаурын жолақтың шетi бойынша жүргiншiлердiң өздерi айқындайды;

ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;

тұрғын аймақ - 5.38 белгiсiмен белгiленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе массив;

маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау, бұрылу (керi бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлiк құралының артқы жүрiспен қозғалысы;

маршруттық көлiк құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгiленген аялдама пункттерi (аялдамалары) бар белгiленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлiк құралы;

жүксіз масса - көлік құралының экипажысыз, жолаушылар мен жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы;
жүкті масса - тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы;

механикалық көлiк құралы - двигательмен қозғалысқа келтiрiлетiн мопедтен басқа көлiк құралдары. Термин сондай-ақ кез-келген тракторға және өздiгiнен жүретiн машиналарға қолданылады;

мопед - жұмыс көлемi 50 куб.см аспайтын двигательмен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы 50 км/сағ. аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы двигателi бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады;

мотоцикл - екi дөңгелектi бүйiр тiркемесi бар немесе тiркемесiз механикалық көлiк құралы. Жабдықталған күйiнде массасы 400 кг аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлiк құралы да мотоциклге теңестiрiледi;

елдi мекен - оған кiретiн және шығатын жерлерi 5.22 - 5.25 белгiлермен белгiленген, құрылыс салынған аумақ;

жеткiлiксiз көрiну - тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың көрiнуi 300 м кем;

жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, тасымалдаушылар көрсететін көлік қызметтері;

басып озу - ең төменгi қауiпсiз ара қашықтықтағы алдында қозғалып келе жатқан көлiк құралынан немесе көлiк құралдары составынан жүрiп келе жатқан жолағына шығумен озып кету;

жол жағалауы - жүрiс бөлiгiнiң жиегi (немесе бордюр тасы) мен шетi арасында онымен бiр деңгейдегi грунтты немесе төсенiшпен бекiтiлген жолақ;

қауіпті жүк - жүк, оларға тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың, өрттің себебіне немесе техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, хайуанаттардың өліміне, жарақаттануына және ауруына әкеліп соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін жүк;

қозғалыс үшiн қауiптiлiк - жол қозғалысындағы, оның қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және көлiк құралының жылдамдығын және (немесе) маневр жасауын өзгертудi талап ететiн кенеттен болатын өзгерiс;

жол қозғалысын ұйымдастыру - жолдарда қозғалысты басқару жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шаралары мен реттеу iс-қимылдарының кешенi;

ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасы - Ереженiң 3.2-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгiленген жол бойымен қозғалатын жаяу жүргiншiлер тобы;

ұйымдасқан көлiк колоннасы - жарқылы бар көк түстi немесе көк және қызыл түстi жарқырауықтар iске қосылған бас көлiк құралының бастауымен жарық тұрақты жанып тұрған, бәрi сол бiр қозғалыс бойымен тiкелей бiрiнiң артынан бiрi жүрiп келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлiк құралдарының тобы;

аялдама - көлiк құралының қозғалысын 5 минутқа дейiн, сондай-ақ бұл жолаушыларды мiнгiзу немесе түсiру, не көлiк құралына тиеу немесе түсiру үшiн, қажет болса онда да көбiрек уақытқа мақсатты тоқтатуы;

Ескертпе. Көлiк құралының қозғалысын жол қозғалысын ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттiлiгi аялдама (тұрақ) болып саналмайды.

жолаушы - көлiк құралындағы (үстiндегi) және оны басқармайтын адам;

жол қиылысы - жолдардың, тиісінше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтармен қосатын бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Олардың алдынан басымдылық белгісі қойылмаған далалық, орманды және екінші дәрежелі жолдармен қиып өту, (түйісу) орындары жол қиылысы болып саналмайды;

қатар ауыстыру - көлiк құралының өзi жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағын бастапқы бағыттағы қозғалысты сақтай отырып ауыстыруы;

жаяу жүргiншi - көлiк құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын жол бойындағы адам. Жаяу жүргiншiге двигателi жоқ мүгедектiң арбасындағы, велосипед, мопед, мотоцикл айдаушы, шана, қол арба, балалар немесе мүгедектер арбасын сүйретушi адамдар жатқызылады;

жаяу жүргiншiлер өтпесi - жүру бөлiгiнiң 5.16.1, 5.16.2 белгiлерiмен немесе 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгiленген және жау жүргiншiлердiң жолды кесiп өтетiн қозғалысына арнап бөлiнген учаскесi. Жаяу жүргiншi өткелiнiң енi таңбаланбаған жағдайда жол осi бойынша 5.16.1. және 5.16.2. белгiлерiнiң арасымен айқындалады;

Осында және бұдан әрi жол белгiлерiнiң нөмiрленуi қозғалыс жол жолағы - жүру бөлiгiнiң таңбаланып белгiленген немесе белгiленбеген және автомобильдiң бiр қатарда қозғалуына жетерлiк енi бар кез келген ұзыннан бойы жол жолағы;

артықшылық (басымдылық) - белгiленген бағытта басқа да қозғалысқа қатысушылармен салыстырғанда бiрiншi кезектi қозғалысқа арналған құқық;

қозғалысқа кедергі - осы жол жолағы бойымен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндік бермейтін қозғалыс жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс және Ереже талаптарына сәйкес осы қозғалыс жолағында тоқтаған көлік құралы кедергі болып табылмайды;

тiркеме - двигательмен жабдықталмаған, механикалық көлiк құралының құрамында қозғалуға арналған көлiк құралы. Термин жартылай тiркемеге және жайылма-тiркемеге де қолданылады;

жүргiн бөлiк - жолдың рельссiз көлiк құралдарының қозғалысына арналған элементi;

бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлiгiн бөлетiн жолды жаяу жүргiншiнiң елдi мекеннен тыс кесiп өткен кездегi мәжбүрлi аялдаманы қоспағанда, рельссiз көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына және аялдауына арналмаған конструкциялық бөлiнген элементi;

Ескерту. Осында және бұдан былай жол белгiлерi нөмiрленуi 2-қосымшаға сәйкес келтiрiледi.

рұқсат етiлген ең жоғарғы масса - дайындаушы-кәсiпорынның ең жоғары рұқсат ету ретiнде белгiлеген, көлiк құралының жүкпен, жүргiзушiмен және жолаушылармен тиелген массасы. Көлiк құралдары құрамының, яғни тiркелген және бiртұтас ретiнде қозғалатын рұқсат етiлген ең жоғары масса етiп көлiк құралының құрамға кiретiн ең жоғары рұқсат етiлген массасының жиынтығы қабылданады;

реттеушi - жолдағы қозғалысты басқару жөнiндегi реттеу iс-әрекеттерiн орындауға уәкiлеттi, тиiстi куәлiгi мен керек-жарағы (нысандық киiмi немесе айырым белгiсi - қарына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісi не жарық қайтарғышы бар дискiсi, қызыл шам немесе жалауша) бар iшкi iстер органдарының (полицияның), әскери автомобиль полициясының қызметкерi немесе жол-коменданттық бөлiмшенiң әскери қызметшiсi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметкерi, жол-пайдалану қызметiнiң қызметкерi, темiр жол өткелiндегi, паром өтпесiндегi кезекшi;

тұрақ - көлiк құралының қозғалысын жолаушыларды мiнгiзу немесе түсiруге, не көлiк құралына тиеу немесе түсiруге байланысты емес себептермен 5 минуттан артық уақытқа мақсатты тоқтатуы;

тәулiктiң қараңғы уақыты - кешкi қара көлеңкеден таңертеңгi елең-алаңға дейiнгi уақыт аралығы;

көлiк құралы - жол бойымен адамдарды, жүктердi немесе оған бекiтiлген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;

тротуар - жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi;

ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;

жол беру (кедергi келтiрмеу туғызбау) - жол қозғалысына қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар қозғалысқа басқа қатысушылардың қозғалыс бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуi мүмкiн болса, қозғалысты бастамау, өзгертпеу немесе жалғастырмау, қандай да болмасын маневрды жүзеге асырмауды бiлдiретiн талап;

жол қозғалысына қатысушы - қозғалыс процесiне жүргiзушi, жаяу жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы ретiнде тiкелей қатысатын адам.
Ескерту. 1.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

1.3. Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген.

1.4. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажеттi өзгерiстер мен шектеулер тек қана жол белгiлерiнiң, жол таңбалауларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушiлердiң көмегiмен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкiлеттi адамдардың басқарумен Ереженiң шегiнде белгiленген тәртiппен енгiзiледi.

1.5. Жол қозғалысына қатысушылар өздерiне қатысты Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарын, белгiлер мен таңбаларды, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi.

1.6. Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндеу iс-қимыл жасауы тиiс.
Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптiлiк туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi.

1.7. Осы Ереженiң бұзған адам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

2. ЖҮРГIЗУШIЛЕРДIҢ ЖАЛПЫ МIНДЕТТЕРI

2.1. Механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:

2.1.1. Мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге;
көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);
көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;
көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда - осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат;
мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады
Ескерту. 2.1.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.01.09. N 6 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi), 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.10.26. N 1682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз, 2009.10.30. жарияланды), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

2.1.2. Қауіпсіздік белдігімен жабдықталған көлік құралдарында қозғалыс кезінде белдіктенген болуы, белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамау.
Мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау.
Ескерту. 2.1.2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2.2. Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлiк құралын жүргiзушi:
өзiмен бiрге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетiн көлiк құралына тiркеу құжатын және жүргiзушiнiң куәлiгiн;
көлiк құралында өзi тiркелген мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерiн алып жүруге мiндеттi.

2.3. Көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:

2.3.1. Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелерге<> және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету.
<> Бұдан әрi - Негiзгi ереже.
Ескерту. 2.3.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.3.2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң 5.3.-тармаққа сәйкес берiлген талап етуi бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау.

2.3.3. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту.

2.3.3-1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту.
Ескерту. 2.3.3.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.3.4. Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.

2.3.5. Көлiк құралын:
жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;
авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беру. <*>
Ескертпе: 1. Көлiк құралдарын беру туралы талап ету шет ел
мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң және дипломатиялық
иммунитетi бар халықаралық ұйымдардың көлiк
құралдарына қолданылмайды.
2. Көлiк құралын пайдаланған адам жүргiзушiнiң
талап етуi бойынша анықтама беруi немесе жол
қағазына жазба (жүрудiң қанша уақытқа
созылғандығы, жүрiп өтiлген қашықтықты, өзiнiң
тегiн, лауазымын, қызметтiк куәлiгiнiң нөмiрiн,
өз ұйымының атауын көрсетiп) жасауы тиiс.
3. Мемлекеттiк ұйымдардың жоғарыда аталған
қызметкерлерiне көлiк құралдарын беруге
байланысты келтiрiлген шығыстарды көлiк құралы
иесiнiң талап етуi бойынша белгiленген тәртiппен
осы ұйымдар өтейдi.
Ескерту. 2.3.5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2.4. Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.

2.5. Жол-көлiк оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргiзушi:
Ереженiң 7.2.-тармағының талаптарына сәйкес көлiк құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын iске қосуға және авариялық аялдау белгiсiн (жанып-сөнетiн қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға;
зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану, "медициналық жедел жәрдем" шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкiндiк болмағанда, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi емдеу мекемесiне жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының тiркеу белгiсiн хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушiнiң куәлiгiн және көлiк құралын тiркеу құжатын көрсетiп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
болған жағдай туралы жақын жердегi iшкi iстер органына кешiктiрмей хабарлауға, көзiмен көргендердiң тегi мен мекен-жайларын жазып алуға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң келуiн күтуге;
егер басқа көлiк құралдарының қозғалысына мүмкiндiк болмаса, жолдың жүретiн бөлiгiн босатуға;
жүру бөлiгiн босату немесе зардап шегушiнi өзiнiң көлiк құралымен емдеу мекемесiне жеткiзу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлiк құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар iздер мен заттарды алдын ала белгiлеп, олардың сақталуына мүмкiн болатын барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 2.5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.6. Егер жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде зардап шегушiлер болмаса, жүргiзушiлер болған жағдайды бағалауда өзара келiсiмге келiп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органының жақын жердегi жол полициясы постына немесе бөлiмшесiне келулерiне болады.
Ескерту. 2.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.7. Жүргiзушiге:

2.7.1. Мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға.

2.7.2. Ақауы бар немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға.
Ескерту. 2.7.2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2.7.3. Иесi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралын пайдалануға.
Ескерту. 2.7.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.7.3-1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын пайдалануға.
Ескерту. 2.7.3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.7.4. Мас күйiндегi, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсiрететiн, дәрiлiк заттар әсерiнде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақ жүргiзудi үйретушiден басқа, өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын басқаруға құқық беретiн жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетiлмеген адамға көлiк құралын басқаруға беруге.
Ескерту. 2.7.4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

2.7.5. Ұйымдасқан (оның iшiнде жаяу жүргiншiлер де) колоннаны кесiп өтуге және оның iшiнен орын алуға.

2.7.6. Жүрiс бөлiгiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.
Ескерту. 2.7.6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.7.7. Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайларын қоспағанда, көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 2.7.7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2.8. Тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн болса, ақауы бар тiркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайларда - фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргiзушi жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлiк құралының қозғалысына тыйым салынады.
Ескертпе. Ең төменгi жылдамдықтағы қозғалыс кезiнде көлiк құралын тоқтатат немесе маневрдi жүзеге асыра алмайтын жұмыстың тежегiш жүйе немесе рульдiк басқару жұмыс iстемейтiн болып саналады.

Жол жүргенде Негiзгi ережелермен көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргiзушi анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, жағдайда, онда қажеттi сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.
Ескерту. 2.8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi

3.1. Жаяу жүргiншiлер тротуармен немесе жаяу жүргiншiлерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай, сондай-ақ Ереженiң 17.1 және 17.4. тармақтарының талаптарына сәйкес қозғалуы тиiс.
Көлемi үлкен заттарды көтерiп немесе алып келе жатқан жаяу жүргiншiлер, сондай-ақ двигателi жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргiншiлер үшiн кедергi келтiретiн болса, жолдың жүргiн бөлiгiнiң жиегiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.
Тротуарлар, жаяу жүргiншiлерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкiн болмаған жағдайда, жаяу жүргiншiлер велосипед жолымен немесе көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бiр қатарда қозғалуларына болады.
Елдi мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiгiмен қозғалған кезде көлiк құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруi тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен двигателi жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргiзушi адамдар көлiк құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруi тиiс.

3.2. Көлiк жүретiн бөлiкпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасына көлiк құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етiледi. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүрушi, тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында - алдында ақ түстi, артта қызыл түстi жағулы фонарьмен жүруi тиiс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бiрақ тәулiктiң жарық уақытында және ересектердiң бастауымен алып жүруге рұқсат етiледi.

3.3. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда көру шегінде - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.
Ескерту. 3.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3.4. Қозғалыс реттелiп тұратын жерлерде, жаяу жүргiншi, реттеушiнiң сигналын, ал ол болмағанда - көлiк бағдаршамын басшылыққа алады.

3.5. Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiкке жақындап қалған көлiк құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң тасасынан шықпауы тиiс.

Ескертпе. Реттелетiн және реттелмейтiн жаяу жүргiншi өтпесi түсiнiгi Ереженiң 13.4-тармағында белгiленген реттелетiн және реттелмейтiн қиылыс түсiнiгiмен бiрдей.

3.6. Көлiк жүретiн бөлiкке шыққаннан кейiн жаяу жүргiншi, егер бұл, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кiдiрмеуi немесе аялдамауы тиiс. Жолды кесiп өтуге үлгермеген жаяу жүргiншi қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлетiн сызықта аялдауы керек. Әрi қарай қозғалыстың қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн бағдаршамның (реттеушiнiң) сигналын ескерiп, жолдан өтудi жалғастыруға болады.
Ескерту. 3.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3.7. Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк құралы жақындаған кезде жаяу жүргiншiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк жүретiн бөлiктi босатуы тиiс.

3.8. Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.
Аялдама пунктiне немесе одан көлiк жүретiн бөлiк арқылы қозғалыс кезiнде жаяу жүргiншiлер Ереженiң 3.4.-3.7. пункттерiнiң талаптарын басшылыққа алуы тиiс.

4. Жолаушылардың мiндеттерi

4.1. Жолаушылар:
қауiпсiздiк белдiгi бар көлiк құралымен жүргенде оларды бекiтуге (2.1.2.-тармақты ескерiп), ал мотоциклмен жүргенде - мотошлемдi түймелеуге;
тротуар немесе жол жағалауы жағынан және көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана отырғызуға және түсiруге мiндеттi.
Егер тротуар немесе жол жағалауы жағынан мүмкiн болмағанда, ол қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiпсiз және кедергi келтiрмейтiндей болмағанда ғана көлiк жүретiн бөлiгi жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн.

4.2. Жолаушыларға:
жүргiзушiнi көлiк құралы қозғалысы кезiнде оны басқарудан алаңдатуға;
борт платформасы бар жүк автомобилiнiң үстiнде келе жатып түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттан биiк тұратын жүк үстiне отыруға;
көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға.
Ескерту. 4.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары*

1-сурет. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары

Көлiк сигналдары

image

image

Бағдаршам сигналдары мен реттеушiнiң кескiндемелерi 1-суретте келтiрiлген.

5.1. Бағдаршамның сигналдары

5.1.1. Жол қозғалысын реттеу үшiн көлденең және тiгiнен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тiгiнен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл - төменде; сигналдар көлденеңiнен орналасқанда - қызыл сол жақта, жасыл - оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары белгiлi мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрiнде (көрсеткiшi), жаяу жүргiншi немесе велосипед кескiнiнде және Х-үлгiсiнде болуы мүмкiн.
Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бiр немесе екi, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейiнде орналасқан жасыл бағыттаушы (көрсеткiш) түрiндегi сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкiн.

5.1.2. Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәнi бар:
жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етедi;
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етедi және оның қолданылу уақыты өтiп барады және тыйым салатын сигнал iске қосылатындығын хабарлайды (жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлердi жасыл сигналдың жануына дейiн уақыт туралы секундпен хабар беретiн сандық табло қолданылуы мүмкiн);
сары сигнал Ереженiң 5.6-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертедi;
сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысын немесе жаяу жүргiншi өтпесiн бiлдiредi, қауiптен сақтандырады;
қызыл сигнал, оның iшiнде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар бередi.

5.1.3. Қызыл, сары және жасыл* түстi бағыттаушы түрiнде орындалған бағдаршам сигналы тиiстi түстердегi дөңгелек сигналмен бiрдей мағыналас, бiрақ олардың күшi бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретiн бағыттаушы, егер бұған тиiстi жол белгiсiмен тыйым салынбаса, керi бұрылуға да рұқсат етедi.
Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетiн бағыттағы қозғалысқа тыйым салынғанын бiлдiредi.
_______________
* Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушылар кескiнделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мүмкiн.

5.1.4. Егер бағдаршамның негiзгi жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргiзушiге бағдаршамның қосымша секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етiлген қозғалыс бағыттарын хабарлайды.

5.1.5. Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргiншiнiң (велосипедтiң) кескiнi түрiнде орындалса, онда күшi тек жаяу жүргiншiге, (велосипедшiлерге) ғана қолданылады. Мұндайда жасыл сигнал жаяу жүргiншiнiң (велосипедшiнiң) қозғалысына рұқсат бередi, ал қызыл тыйым салады.
Велосипедшiлердiң қозғалысын реттеу үшiн сондай-ақ кiшiрейтiлген өлшемдегi дөңгелек сигналы бар, 300х200 мм өлшемдi, қара түстi велосипед кескiнделген тiк бұрышты ақ түстi табличкамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылуы мүмкiн.

5.1.6. Соқыр жаяу жүргiншiлердi жүрiс бөлiгiн кесiп өту мүмкiндiгi туралы ақпараттандыру үшiн бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкiн.

5.1.7. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiгiнiң қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгеруi мүмкiн жол жолақтары бойынша қозғалысын реттеу үшiн Х үлгiсiндегi қызыл сигнал және төмен бағытталған бағыттаушы түрiндегi жасыл сигналы бар реверстiк бағдаршам қолданылады. Бұл бағдаршамдар тиiсiнше олар үстiнде орналастырылған жол жолағы бойынша қозғалысқа тыйым салады немесе рұқсат бередi.
Реверстiк бағдаршамның негiзгi сигналдары бағыттаушы түрiндегi, төмен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтiлген, iске қосылған сигналдың ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттiгiн хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкiн.
Реверстiк бағдаршамның екi жағынан 1.9. таңбалауымен белгiленген жолақтың үстiне орналастырылған сигналдары iске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.

5.1.8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшiн бөлiнген жолақпен қозғалатын басқа маршруттық көлiк құралдарының қозғалыстарын реттеу үшiн "Т" әрпi түрiнде орналасқан төрт ай түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылуы мүмкiн. Бiр мезгiлде төменгi сигналмен бір немесе бiрнеше жоғарғы сигнал iске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы - солға, ортадағысы - тiке, оң жақтағысы - оңға қозғалуға рұқсат етедi.

5.1.9. Темiр жол өтпесiне орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлiк құралдарының өтпе арқылы қозғалысына рұқсат бередi. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигнал iстемей тұрған кезде көз жетер жерде өтпеген жақындап қалған поезд (локомотив, дрезина) болмағанда, қозғалысқа рұқсат етiледi.

5.2. Реттеушiнiң сигналдары

Оның денесi мен қолдарының, оның iшiнде мынадай мәндердi бiлдiретiн жезлмен жасаған қимылдары, реттеушiнiң сигналы болып табылады:
қолдары екi жаққа созылған немесе төмен түсiрiлген:
сол және оң бүйiр жақтарынан - қозғалыс трамвайға тiке, рельссiз көлiк құралдарына тiке және оңға қозғалуға рұқсат етiледi, жаяу жүргiншiге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге рұқсат етiледi;
кеуде және арқа жағынан - барлық көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiнiң қозғалысына тыйым салынады.
оң қол алға созылған:
сол бүйiр жақтан - қозғалыс трамвайға солға, рельссiз көлiк құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етiледi;
кеуде жағынан - барлық көлiк құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етiледi;
оң бүйiр және арқа жағынан - барлық көлiк құралдарына қозғалыс тыйым салынады;
жаяу жүргiншiлерге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге реттеушiнiң арт жағынан рұқсат етiледi.
Қол жоғары көтерiлген:
Ереженiң 5, 6-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Реттеушi қол қимылдарымен жүргiзушiлерге және жаяу жүргiншiлерге түсiнiктi басқа да сигналдар беруi мүмкiн.
Сигналдар жақсы көрiнуi үшiн реттеушi жезлдi немесе сигналды дискiнi (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкiн.

5.3. Көлiк құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып, көлiк құралына бағытталған қол қимылымен көрсетiлуi мүмкiн. Жүргiзушi оған нұсқалған орында аялдауы тиiс. Көлiк құралын тоқтатқан iшкi iстер органдарының қызметкерi (полиция) 2.3.2-тармаққа сәйкес жүргiзушiге кiдiрмей келiп, тоқтату себебiн айтуы тиiс.
Ескерту. 5.3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5.4. Ысқырықпен берiлген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға берiледi.

5.5. Бағдаршамның (реверсивтiден басқа) немесе реттеушiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде жүргiзушiлер тоқтау-сызығының (5.3.3-белгiсiнiң) алдында, ал олар болмаған кезде:
жол қиылысында - кесiп өтетiн жүрiс бөлiгiнiң алдында (Ереженiң 13.8 бөлiгiн ескере отырып), жаяу жүргiншiлер үшiн кедергi тудырмай;
темiржол өтпесi алдында - Ереженiң 15.4-тармағына сәйкес;
басқа жерлерде - қозғалыс рұқсат етiлген көлiк құралы мен жаяу жүргiншiлерге кедергi туғызбай тоқтатуға мiндеттi.

5.6. Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимi жасыл сигналдың тiкелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтiн жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгiнбей тоқтата алмайтын жүргiзушiлерге Ереженiң 5.5-тармағында белгiленген жерлерде әрi қарай қозғалуға рұқсат етiледi.
Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жүрiс бөлiгiнде келе жатқан жаяу жүргiншiлер оны босатуы тиiс, ал оған мүмкiндiк болмаған кезде - қарама-қарсы көлiк легiн бөлушi сызықта тоқтаулары тиiс.
Ескерту. 5.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5.7. Жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлер, тiптi олар бағдаршам сигналына, жол белгiлерi немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, сигналдың талаптары мен реттеушiнiң бұйрығын орындаулары тиiс.

5.8. Темiржол өтпелерiнде жыпылықтаған қызыл сигналмен бiр мезгiлде қозғалысқа қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салатын дыбыстық сигнал берiлуi мүмкiн.

6. Арнаулы сигналдарды қолдану

6.1. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосылған жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүргiншiлерi кезек күттiрмейтiн қызметтiк тапсырманы орындауы кезiнде, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шартымен Ереженiң 5 (реттеушiнiң сигналдарынан басқа), 8-18 бөлiмдерiн, Ережеге 1 және 2-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкiн.
Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдылық алуы үшiн мұндай көлiк құралдарының жүргiзушiлерi көк түстi жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды iске қосуы тиiс. Олар өздерiне жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, басымдылықты пайдалана алады.
Осы құқықты, жедел және арнаулы қызметтердiң көлiк құралдарын Ереженiң осы тармағымен белгiленген жағдайларда алып жүретiн көлiк құралдарының жүргiзушiлерi де пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерi әскери автомобиль полициясының және жол полициясының көлiк құралдарында олар басқа көлiк құралдарын бiрге алып жүрген кезде көк түстi жарқылдауық маякқа қоса, қызыл түстi жарқылдауық маяк iске қосылуы мүмкiн.
Ескерту. 6.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 115, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

6.2. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлiк құралдары жақындаған кезде жүргiзушiлер осы және олардың алып жүруiндегi басқа көлiк құралдарының кедергiсiз өтiп кетуiн қамтамасыз етуi үшiн жолды босатулары керек.

6.3. Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосулы тоқтап тұрған көлiк құралдарына жақындаған кезде жүргiзушi, қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкiндiк болуы үшiн, жылдамдықты азайтуы тиiс.

6.4. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосулы көлік құралдарының жүргізушілері жол үстінде құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен жол белгілері (2.2, 2.4-2.6, 3.11-3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Ереженің 9.4-9.8 және 16.1-тармақтарының талаптарын орындамауы мүмкін.
Басқа көлiк құралының жүргiзушiлерi олардың жұмысына кедергi жасамауы тиiс.
Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк қозғалыста басымдылық әпермейдi және қозғалыстың басқа қатысушыларын қауiптiлiк туралы ескерту үшiн қызмет етедi.
Ескерту. 6.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

7. Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану

7.1. Авариялық жарық сигналы мынадай жағдайларда iске қосылуы тиiс:
жол-көлiк оқиғасы кезiнде;
аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде; - артқы жүрiспен қозғалғанда;
фардың жарығымен жүргiзушiнiң көзiн қарықтырғанда;
сүйретуге алғанда (сүйретiлетiн механикалық көлiк құралында);
жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде немесе көлемдiк оттардың дұрыс iстемеуiнен көру жеткiлiксiз болған жағдайларда аялдағанда және тұрғанда;
елдi мекеннен тыс, жол жағалауының енi жүрiс бөлiгiнен толық кiру үшiн жеткiлiксiз болғанда немесе жол жағалауының енiн осы жол жағдайында айқындау мүмкiн болмай, онда тоқтаған кезде.
Авариялық жарық сигналы және басқа жағдайларда да, қозғалысқа қатысушыларды көлiк құралы туғызуы мүмкiн қауiптiлiк туралы ескерту үшiн де қосылуы мүмкiн.

7.2. Авариялық жарық сигналын iске қосқаннан кейiн, сондай-ақ оның ақауы болса немесе ол болмағанда, жүрiс бөлiгiнiң неғұрлым қауiптi жағына:
жол-көлiк оқиғасы кезiнде;
аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрiнуi 100 м кем болған жерлерде ең болмағанда бiр бағытта, дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгiсiн қою керек.
Бұл белгi (немесе фонарь) нақты жағдайда басқа жүргiзушiлердi қауiптiлiк туралы уақтылы ескертудi қамтамасыз ететiн қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар, бұл қашықтық көлiк құралынан елдi мекендерде - 15 м, және елдi мекеннен тыс жерде 30 м. кем болмауы тиiс.

7.3. Авариялық жарық сигналы болмағанда немесе оның ақауы болса, сүйретiлетiн механикалық көлiк құралының артқы жағына авариялық қауiптiлiк белгiсi бекiтiлуi тиiс.

8. Маневр жасау

8.1. Жүргiзушi маневрдi орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткiштерiмен, егер олар жоқ болса немесе ақауы болса - қолмен, тиiстi мақсатта, сигнал беруге мiндеттi. Мұндайда маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi туғызбауы тиiс.

8.2. Сол жаққа маневр жасау сигналы - сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi не сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тiк бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгiлген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы - оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi, не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тiк бұрыш жасап жоғары бүгiлген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы берiледi. Артқы жүрiспен қозғалыс сигналы артқы жүрiс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен берiледi.
Бұрылыс көрсеткiштерiмен немесе қолмен сигнал беру маневрдi орындауды бастауға дейiн кешiктiрмей берiлуi және оны аяқтағаннан кейiн сол бойда тоқтатылуы керек (сигналды қолмен беру маневрдi тiкелей орындау алдында аяқталуы мүмкiн). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиiс.
Сигнал беру жүргiзушiге артықшылық әпермейдi және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.
Ескерту. 8.2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8.3. Екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде -жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.
Ескерту. 8.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8.4. Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргiзушi жүрiс бөлiгiнiң шетiмен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргiншiлерге, велосипед, мопед, көлiк-арба жүргізушiлерiне, мiнiс көлiгi үстiнде және жүк артып келе жатқандарға жол беруi тиiс.

8.5. Қатар ауыстыру кезiнде жүргiзушi қозғалыс бағытын өзгертпей қатарлас келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс. Бiрге келе жатқан көлiк құралдары бiр мезгiлде қатар ауыстырған кезде, жүргiзушi оң жақта келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Қозғалып келе жатқан көлiк құралдары арасында қауiптi ара қашықтық болған жағдайда, қатар ауыстыруға тыйым салынады.

8.6. Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегi бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе керi бұрылу алдында жүргiзушi осы бағытқа қозғалуға арналған жүрiс бөлiгiнде және жолақта тиiстi шеткi орынға уақтылы ыңғайлануы тиiс.
Егер жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, онда аталған маневрлердi тиiстi қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етiледi; мұндайда шеткi жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады.
Сол жатқан жүрiс бөлiгiмен бiр деңгейде орналасқан бiр бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және керi бұрылыс, егер 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерiмен жүрiс бөлiгiнiң жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетiлмесе, солардан бастап орындалуы тиiс. Мұндайда жүргiзушi трамвайға жол беруi тиiс.

8.7. Айналу жүрiс бөлiгiн кесiп өтумен шыққан кезде көлiк құралы қарсы қозғалыс жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылуы керек.

8.8. Егер көлiк құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылыста керi бұрылуды Ереженiң 8.6-тармағын сақтай отырып өзiнiң көлемiнен немесе басқа себептер бойынша орындай алмаса, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып және бұл басқа көлiк құралдарына кедергi туғызбайтын болса, көршi жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығуына рұқсат етiледi.

8.9. Рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қиылыстан тыс жерде солға немесе керi бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Егер қиылыстан тыс жерде керi бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрдi орындау үшiн жүрiс бөлiгiнiң енi жеткiлiксiз боса, онда жүрiс бөлiгiнiң тек қана оң жақ шетiнен (оң жақ жағалаудан) бұрылуға жол берiледi. Мұндайда жүргiзушi бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруге мiндеттi.

8.10. Ережеде көлiк құралдары қозғалысының траекториясы қиылысатын, ал өту кезектiлiгi көрсетiлмеген болса, жүргiзушi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi.

8.11. Тежеу жол жоғары болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргiзушi осы жолаққа уақтылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға мiндеттi.
Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.

8.12. Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен;
тоннельдерде;
көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен;
темiржол өтпелерiнде;
ең болмағанда бiр бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде;
аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.

8.13. Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi.
Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженiң 8.12-тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.

9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы

9.1. Рельссiз көлiк құралдарына арналған қозғалыс жол жолақтарының саны таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгiлерiмен, ал олар болмаған кезде жүрiс бөлiгiнiң енiн, көлiк құралдарының көлемiн және олардың арасындағы аралықты ескере отырып жүргiзушiлердiң өздерi айқындайды. Егер жол қозғалысы ұйымы өзгеше қозғалыс тәртiбiн белгiлемеген болса, жүрiс бөлiгiнiң (не жүрiс бөлiгiнiң шетiн айқындай мүмкiн болмағанда, жол полотносының) қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағы сол жақта орналасқан жартысы болып табылады. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жақтарды бөлетiн шартты сызықты айқындау кезiнде жүрiс бөлiгiнiң (жол полотносының) бiр жерiнде енiнiң кеңеюi назарға алынуға тиiс емес.

9.2. Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады.

9.3. Екi жақты қозғалысқа арналған, ортаңғысы екi бағыттағы қозғалысқа пайдаланылатын таңбалармен белгiленген (1.9 таңбасын қоспағанда), үш жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағында басып озуға, айналып өтуге, солға бұрылуға немесе керi бұрылу үшiн шығуға рұқсат етiледi. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған сол жоқ шеткi жол жолағына шығуға тыйым салынады.

9.4. Елдi мекеннен тыс, сондай-ақ елдi мекендерде 5.1. және 5.3. белгiлерiмен белгiленген жолдарда немесе 80 км/сағ. және одан жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етiлген жерлерде көлiк құралының жүргiзушiлерi мүмкiндiгiне қарай оларды жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiне жақын жүргiзуi тиiс. Оң жақ бос болған кезде сол жақты алуға тыйым салынады.
Елдi мекендерде осы тармақтың және Ереженiң 9.5, 16.1 және 24.2.-тармақтарын ескере отырып, кез келген жол жолағымен қозғалуға рұқсат етiледi, дегенмен, сол жақ жол жолағының бойымен рұқсат етiлгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi, мүмкiндiкке орай, осы жол жолағының бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан және 19.12-тармаққа сәйкес ескерту сигналын берген көлiк құралына жолағын босатып, оң жаққа қатар ауыстыруы тиiс.
Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш және одан көп жол жолағы бар кез-келген жолда, басқа жол жолақтары бос болмаған кезде сол жақ шеткi жол жолағына неғұрлым үдемелi қозғалыс кезiнде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе керi айналу үшiн шығуға, ал рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдерiне - тек қана солға немесе керi бұрылуға рұқсат етiледi. Бiр жақты қозғалатын жолдың, аялдау немесе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана Ереженiң 12.1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарының көршi жол жолағындағы қарағанда үлкен жылдамдықпен бiр жол жолағында қозғалуы басып озуға жатпайды.

9.5. Қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауға тиiстi немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлiк құралдары айналып өту, басып озу, солға, керi бұрылыс немесе жолдың сол жағында аялдауға (тұруға) рұқсат етiлген жағдайларда, алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа кезде өзiне керектi бағытпен осындай көлiк құралдарының қозғалысына арналған шеткi оң жақ жол жолағымен қозғалуы тиiс.

9.6. Бiр бағыттағы жүрiс бөлiгiмен сол жақта бiр деңгейге орналасқан трамвай жолымен қозғалуға осы бағыттағы барлық жол жолақтары бос болмаған кезде, сондай-ақ Ереженiң 8.6-тармағын ескере отырып айналып өтуге, озып шығуға солға бұрылғанда немесе керi айналу кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде трамвайға кедергi жасалмауы керек. Қарама-қарсы бағыттағы трамвай жолына шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, трамвай жолымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым салынады.

9.7. Егер жүрiс бөлiгi таңбалау сызықтарымен жол жолағына бөлiнген болса, көлiк құралдарының қозғалысы белгiленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Үзiк сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етiледi.

9.8. Реверсивтi қозғалысты жолға бұрылған кезде, көлiк жүргiзушi көлiк құралын жүрiс бөлiгiнiң қиылысынан шыққан кезде көлiк құралы оң жақ шеткi жол жолағын алатындай жағдайда жүргiзуге тиiс. Қатар ауыстыруға, жүргiзушi осы бағыттағы қозғалысқа басқа жол жолақтары бойымен де рұқсат етiлетiндiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, рұқсат етiледi.

9.9. Көлiк құралдарының жол жағалауымен, тротуарлармен және жаяу жүргiншiлер жолымен (Ереженiң 12.1. және 24.2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ол елдi мекендерде - бұдан басқа, жүрiс бөлiгiнен тыс жерлермен қозғалуға тыйым салынады. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысына, жол жағалауына, тротуарларға немесе жаяу жүргiншiлер жолына, тiкелей жақын орналасқан объектiлерге жүктердi апаратын көлiк құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кiру жолы болмаған кезде рұқсат етiледi. Мұндай кезде қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.

9.10. Жүргiзушi қозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлiк құралымен арада, соқтығысудан сақтануға мүмкiндiк беретiндей және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi бүйiрлiк аралықты сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 9.10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9.11. Елдi мекендерден тыс жерде екi жолағы бaр екi жақты қозғалысты жолдарда олар үшiн жылдамдыққа шектеу белгiленген көлiк құралдарының, сондай-ақ ұзындығы 7 м-ден асатын көлiк құралдарының (көлiк құралдары құрамының) жүргізушілерi өз көлiгi мен алда кетiп бара жатқан көлiк құралының арасында оларды басып озатын көлiк құралы бұлар жүрiп келе жатқан жол жолағына кедергiсiз қатар ауыстыра алатындай аралықты сақтауға мiндеттi. Бұл талап, егер жүргiзушi басып озуды орындауға әзiрленiп келе жатса, сондай-ақ үдемелi қозғалыс кезiнде және ұйымдасқан көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде қолданылмайды.
Ескерту. 9.11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9.12. Екi жақты қозғалысты жолдарда жүрiс бөлiгінiң ортасында орналасқан қауiпсiздiк аралдарының бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтерi (көпір тiректерi, жол өткiзгiштерi және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгiлер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргiзушi оң жағынан айналып өтуге мiндеттi.
Ескерту. 9.12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10. Қозғалыс жылдамдығы

10.1. Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге Ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.
Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және (немесе) қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс.

10.2. Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес тиісті жол белгілерімен белгіленген, арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, бірақ 90 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi. <*>
Ескерту. 10.2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 115, 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

10.3. Елді мекендерден тыс мыналарға:
жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ 140 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 110 км/сағ. аспайтын;
рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автоарналарда - 110 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 90 км/сағ аспайтын;
басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автомагистральдарда - 90 км/сағ. аспайтын, басқа жолдарда - 70 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Ескерту. 10.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

+1 дауыс

10.4. Көлiк құралдарының жылдамдығы:
жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде - 60 км/сағ.;
механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде - 50 км/сағ.;
қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде - белгiленген көлемнен аспауы тиiс.

10.4-1. (Ескерту. 10.4-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

10.5. Жүргiзушiге:
көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;
көлiк құралында белгiленген "Жылдамдықты шектеу" айырым белгiсiнде* көрсетiлген жылдамдықтан асыруға;
қажеттiлiк болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға;
егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.
_____________
* Осы жерде және бұдан кейiн айырым белгiлерi Негiзгi Ережелерге сәйкес көрсетiледi.

11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы

11.1. Басып озуды бастамас бұрын жүргiзушi:
ол шығуды көздеген қозғалыс жол жолағы басып озу үшiн жеткiлiктi аралықта бос екендiгiн және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жол жолағында артта қозғалып келе жатқан, оның iшiнде 19.11 және 19.12-тармақтарға сәйкес ескерту сигналдарын берушi көлiк құралдарына кедергi келтiрмейтiнiне;
осы жол жолағындағы артта келе жатқан көлiк құралының басып озуды бастамағанына;
осы жол жолағы бойымен алда кетiп бара жатқан көлiк құралы жүргiзушiсiнiң солға маневр жасау туралы сигнал бермегенiне;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, ол басып озған көлiк құралына кедергi тудырмай, бұрын жүрiп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткiзуге мiндеттi.

11.2. Рельссiз көлiк құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етiледi. Сөйте тұра, жүргiзушiсi солға бұрылуға сигнал берген және маневрдi орындауға кiрiскен көлiк құралын оң жағынан басып озады.

11.3. Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, жүргiзушi бұрын жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға мiндеттi.

11.4. Басып озатын көлiк құралының жүргiзушiсiне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де әрекеттермен басып озуға кедергi жасауға тыйым салынады.

11.5. Мынадай жағдайларда:
реттелетiн жол қиылыстарында қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтiн қиылыстарда басты жолмен қозғалыс кезiнде, бағытын өзгертетiн (рұқсат етiлген оң жақтан басып озуды қоспағанда) және басты жол болып табылмайтын жол бойында (қиылыстарда шеңбер жасай басып озу қозғалыстарымен, бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын басып озуды және рұқсат етiлген оң жақты басып озуды қоспағанда);
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде жаяу жүргiншi болған кезде;
темiр жол өтпелерiнде және оның алдында 100 м. жақын жерде;
басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын;
өрлеудiң соңында және көруi шектелетiн жол учаскелерiнде қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен басып озуға тыйым салынады.

11.6. Жай жүретiн немесе әрi көлемдi көлiк құралының жүргiзушiсi елдi мекеннен тыс жерлерде осы көлiк құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкiндiгiнше оңға ығыса жүруi, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлiк құралдарын өткiзiп жiберу үшiн аялдауға мiндеттi.

11.7. Егер алда кездескен жол айырығы қиындатылған және жол айырығының басымдылығы 2.6 және 2.7 белгiлерiмен айқындалмаған болса, онда кедергi бар жақтағы жүргiзушi жол беруi тиiс. 1.13 және 1.14 белгiлерiмен белгiленген еңiсте кедергi болған жағдайда төмен қозғалып келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi жол беруге мiндеттi.

12. Аялдама және тұрақ

12.1. Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда - жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бiр-бiрден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бiр жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне бiржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).

12.2. Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.

12.3. Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.

12.4. Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде;
темір жол өтпелерінде, тоннельдерде;
эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жолақ болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);
аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса;
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде;
ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса;
жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 30 м. жақын жерде;
аялдама алаңдарында және оларға 15 м жақын жерде, ал ол жоқ болғанда маршруттық көлік құралдары мен такси аялдамасының көрсеткішінен 15 м жақын жерде;
көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе басқа көлік құралдарының (кептеліс) және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде;
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында тыйым салынады.
Ескерту. 12.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

12.5. Тұруға тыйым салынады:
аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында;
елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың 2.1 белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде;
темiржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде;
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде;
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында.
Ескерту. 12.5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

12.6. Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.

12.7. Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.

13. Көше қиылысын өту

13.1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші ол бұрылатын жолдың жүріс бөлігін өзінің қозғалыс бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және 5.9 (18.2-тармағын ескере отырып) белгісімен белгіленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлік құралдарына жол беруге міндетті.
Ескерту. 13.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

13.2. Көше қиылысына немесе жүрiс бөлiгi өтпесiне, егер жүргiзушiнi аялдауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, көлiк құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшiн кедергi келтiре отырып шығуға тыйым салынады.

13.3. Жүргiзушiге шолуды шектейтiн, iлеспе бағытта қозғалатын көлiк құралының алдына түсуге тыйым салынады.
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлiк құралы аялдаса, онда көршi жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мұның қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты жалғастыра алады.

13.4. Қозғалыс кезектiлiгi бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетiн болып есептеледi.
Жұмыс iстемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезiнде немесе реттеушi жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтiн болып есептеледi және жүргiзушiлер реттелмейтiн көше қиылыстарын өту ережелерiн және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгiлерiн басшылыққа алады.

Реттелетiн көше қиылыстары

13.5. Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде Ереженiң 5.6-тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.

13.6. Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытында қозғалған кезде жүргiзушi басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.

13.7. Егер бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналы трамвайға және рельссiз көлiк құралына бiрдей уақытта қозғалуға рұқсат беретiн болса, онда трамвай, оның қозғалысы бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытымен қозғалған кезде трамвай басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге тиiстi.

13.8. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы кезiнде көше қиылысына кiрген жүргiзушi көше қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгiлi бағытқа шығуға мiндеттi. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргiзушiнiң бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) 5.33 белгiсi болса, жүргiзушi әрбiр бағдаршамның сигналын басшылыққа алуға мiндеттi.

13.9. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда жүргiзушi көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлiк құралына және осы бағыттағы жүрiс бөлiгiнде өтудi аяқтамаған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.

13.10. Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы үстiндегi жүргiзушi, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлiк құралына кедергi тудыратын болса, iске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруы тиiс.

Реттелмейтiн көше қиылыстары

13.11. Тең емес мәндегi жолдардың қиылысында, екiншi дәрежелi жолдың бойымен қозғалушы көлiк құралының жүргiзушiсi олардың әрi қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған, оның iшiнде кейiн қарай бұрылуды жүзеге асыратын көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргiзушi көше қиылысында керi айналуды жүзеге асырмас бұрын екiншi дәрежелi жолмен көше қиылысына жақындаған көлiк құралының оған жол беретiндiгiне көз жеткiзуi тиiс.
Ескерту. 13.11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

13.12. Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргiзушiлер бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесiн өзара басшылыққа алуға мiндеттi. Екiншi дәрежелi жолмен қозғалып келе жатқан жүргiзушiлер де осы ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.

13.13. Бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысында рельссiз көлiк құралдарының жүргiзушiсi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссiз көлiк құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.

13.14. Солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бiрдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.

13.15. Егер жүргiзушi жолдың төсенiшi бар-жоғын айқындай алмаса (тәулiктiң қараңғы кезi, балшық, қар және сол сияқты), басылымдылық белгiлерi болмаса, ол екiншi дәрежелi жолдамын деп есептеуi керек.

14. Жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалары

14.1. Көлiк құралының жүргiзушiсi оның қозғалыс бағытындағы жүрiс бөлiгiн реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi бойымен өтiп келе жатқан жаяу жүргiншiлерге жол беруге мiндеттi.

14.2. Егер көлiк құралы реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көршi жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлiк құралының алдында жаяу жүргiншiнiң жоқ екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысын жалғастыра алады.

14.3. Реттелетiн жаяу жүргiншiлер өтпесiнде бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда, жүргiзушi оның бағытындағы жүрiс бөлiгiн кесiп өтудi аяқтап қалған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.

14.4. Жаяу жүргiншi өтпесiне, егер онан кейiн жүргiзушiнi жау жүргiншi өтпесiнде тоқтауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, оған жығуға тыйым салынады.

14.5. Барлық жағдайларды, соның iшiнде жаяу жүргiншiлер өтпесiнен тыс жерлерде де, жүргiзушi ақ түстi таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргiншiнi өткiзiп жiберуге мiндеттi.

14.6. Жүргiзушi аялдамада тұрған маршруттық көлiк құралына немесе одан (есiк жағынан) келе жатқан жаяу жүргiншiге, егер көлiкке отырғызу немесе түсiру жүрiс бөлiгiнде немесе жүрiс бөлiгiнде орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргiншiлерге жол беруi тиiс.

14.7. "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгiсi бар аялдап тұрған көлiк құралына жақындағанда жүргiзушi жылдамдықты азайтуы, қажет болған жағдайда аялдауға және балалар тобын өткiзiп жiберуге мiндеттi.

15. Темiржол жолдары арқылы қозғалыс

15.1. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi темiржол жолдарын поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып тек қана темiржол өтпелерi бойымен кесiп өте алады.

15.2. Темiржол өтпесiне кiру жолында жүргiзушi жол белгiлерiнiң, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшiнiң нұсқауын басшылыққа алуға, және бұдан басқа, жақындап қалған поездың (локомотивтiң, дрезинаның) жоқ екендiгiне көз жеткiзуге мiндеттi.

15.3. Мынадай жағдайларда өтпелерге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);
бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде (шлагбаумның орналасуына немесе оның бар екендiгiне қарамастан);
өтпе бойынша кезекшiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесiн немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерiлген қолында - жезл, қызыл фонарь немесе жалаушы, не екi жағына қолдарын созып);
егер өтпенiң арғы жағында жүргiзушiнiң өтпеде аялдауға мәжбүр ететiн тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса;
егер өтпеге көрiну шегiнде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса;
Бұдан басқа:
темiржол жолдарын темiржол өтпелерiнен тыс жерден өтуге;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесi алдында тұрған көлiк құралын айналып өтуге;
шлагбаумды өздiгiнен ашуға;
жол өтпесi арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа машиналар мен механизмдердi көлiк емес жағдайда алып шығуға;
темiр жол әкiмшiлiк-техникалық бөлiмше бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы 8 км/сағ. кем баяу жүретiн машиналарды, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелер қозғалысына тыйым салынады.

15.4. Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргiзушi тоқтау-сызығының, 2.5 белгiсiнiң немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда - темiржол өткелi шекарасында аялдауы тиiс.

15.5. Өтпе үстiнде амалсыздан аялдаған кезде жүргiзушi дереу жолаушыларды түсiруi және өтпенi босату үшiн шаралар қолдануы тиiс. Сонымен, бiр мезгiлде жүргiзушi мыналарға мiндеттi:
мүмкiндiк болған кезде жол бойымен екi адамды екi жаққа өтпеден 1000 м (егер бiреу болса, онда жолдың нашар көрiнетiн жағына), оларға жақындап келе жатқан поездың (локомотивтiң, дрезинаның) машинисiне аялдау сигналын беру ережесiн түсiндiрiп, жiберуге;
көлiк құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын беруге;
поезд көрiнген бойда аялдау сигналын берiп, оған қарсы жүгiруге;
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндiз ашық түстi матаның қиындысымен немесе қандай ма болмасын жақсы көрiнетiн затпен, түнде - шырақпен немесе фонарьмен) аялдау сигналы болып табылады. Бiр ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.

16. Автоарналар бойымен қозғалыс

16.1. Автоарналарда мыналарға:
көлiк құралдарынан тыс жаяу жүргiншiлердiң, сондай-ақ үй хайуанаттарының, велосипед, мопед, трактор және өздiгiнен жүретiн машиналардың, сондай-ақ жылдамдығы техникалық сипаттамалары бойынша немесе жай-күйiне орай 40 км/сағ. кем өзге де көлiк құралдарының болуына;
рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. көп жүк автомобильдерiнiң екiншi жол жолағынан әрi қозғалуына;
тұрақ үшiн 5.15 немесе 6.11 белгiлерiмен белгiленген арнаулы алаңнан тыс аялдама жасауға;
бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында керi айналуға және оған кiруге;
артқы жүрiспен қозғалуға;
үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.

16.2. Жүрiс бөлiгiнде амалсыздан тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын Ереженiң 7-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес белгiлеуге және оны осыған арналған жол жолағына (жүрiс бөлiгiн белгiлейтiн сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолдануға мiндеттi.

16.3. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ 5.3 белгiсiмен белгiленген жолдарға да қолданылады.

17. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс

17.1. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер қозғалысына тротуармен де, сол сияқты жүрiс бөлiгiмен де рұқсат етiледi. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер артықшылықпен пайдаланады, сонымен қатар олар қозғалыстағы көлiк құралдарына негiзсiз кедергi келтiрмеулерi керек.

17.2. Тұрғын аймақта:
көлiк құралдарының тура қозғалуына;
көлік құралдарының жүрiс бөлiгiнен тыс қозғалысына;
үйрену үшiн жүруге;
iстеп тұрған двигательмен тұруға;
рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiнiң, автобустардың арнаулы бөлiнген және белгiлермен және (немесе) таңбалармен белгiленген арнаулы орыннан тыс тұруына;
дыбыстық сигнал беруге, әуенді қатты қосуға;
тротуарларда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында тоқтауға тыйым салынады.
Ескерту. 17.2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

17.3. Жүргiзушiлер тұрғын аймақтан шығу кезiнде қозғалысқа басқа қатысушыларға жол беруi тиiс.

17.4. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.

18. Маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы

18.1. Көше қиылысынан тыс, трамвай жолдары жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жерлерде трамвай, деподан шыққаннан басқа жағдайларда, рельссiз көлiк құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.

18.2. 5.9, 5.10.1.-5.10.3 белгiлерiмен белгiленген, маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағымен басқа көлiк құралдарының қозғалуына және аялдауына тыйым салынады.
Егер 5.9 белгiсiмен белгiленген жол жолағы қалған жүрiс бөлiктерiнен үзiк-үзiк таңбалау сызықтарымен бөлiнген болса, онда бұрылу кезiнде көлiк құралдары соған орын ауыстырулары қажет. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жол жолағына егер бұл маршруттық көлiк құралдарына кедергi тудырмайтын болса, жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiнен жолға кiрер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн кiруге рұқсат етiледi.

18.3. Елдi мекендерде жүргiзушiлер белгiленген аялдамалардан қозғалысты бастайтын троллейбустарға және автобустарға жол беруi тиiс. Троллейбустар мен автобустардың жүргiзушiлерi оларға жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты бастай алады.

19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану

19.1. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде көлiк құралдарының мынадай жарықтандыру приборлары;
барлық механикалық көлiк құралдары мен мопедтерге - габариттiк шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары, велосипедтерде - фарлар немесе фонарьлары, делбесi бар көлiк-арбада - фонарьлар (олар болған кезде);
тiркемелер мен сүйретпе механикалық көлiк құралдарында - көлемдiк оттар iске қосылуы тиiс.
Ескерту. 19.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

19.2. Мына:
егер жол жарықтандырылған болса, елдi мекендерде;
қарама-қарсы жол айырығында көлiк құралына 150 м кем дейiнгi, сондай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қарсы келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi фардың жарығын мезгiл-мезгiл жағып-сөндiрiп, мұның қажет екендiгiн көрсетсе;
қарама-қарсы, сонымен бiрге iлеспе көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көзiн қарықтыру мүмкiндiгiн болдырмау үшiн кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылуы тиiс.
Көзiн қарықтырған жүргiзушi авариялық жарық сигналын iске қосып, қозғалыс жол жолағын ауыстырмай аялдауы тиiс.

19.3. Тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көрiну жағдайларында аялдаған және тұрған кезде көлiк құралында көлемдiк оттар жағылуы тиiс. Көру жеткiлiксіз болған жағдайда көлемдiк оттарға қосымша жақын жарық фары, тұманға қарсы фарлар және артқы тұманға қарсы фарлар iске қосылуы мүмкiн.
Көлемдiк оттардың ақауы болса, көлiк құралдары жол шекарасынан тыс әкетiлуi тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, оны Ереженiң 7.1 және 7.2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.

19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс;
Ескерту. 19.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329 қаулысымен.

19.5. Тұманға қарсы фарлар:
жекелей, сол сияқты фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, жеткiлiксiз көрiну жағдайларында;
тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде фардың жақын және алыс жарығымен бiрге;
Ереженiң 19.6-тармағында көзделген жағдайларда фардың жақын жарығының орнына пайдаланылуы мүмкiн.

19.5-1. Тұманға қарсы фарлар алыс және (немесе) жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.
Ескерту. 19.5.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

19.6. Тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде қозғалыстағы көлiк құралын белгiлеу мақсатында:
елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;
қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;
мотоциклдер мен мопедтерде;
ұйымдастырылған көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде;
көк түстi жарқырауық маягi iске қосулы жедел және арнаулы қызмет автомобильдерi алып келе жатқан көлiк құралдарында;
негiзгi қозғалыс легiне қарама-қарсы арнаулы бөлiнген жол жолағының бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарында;
маршруттық емес автобустарда немесе жүк автомобильдерiнде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдағанда;
қауiптi, iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау кезiнде;
механикалық көлiк құралын сүйреткенде (сүйрелетiн көлiк құралында);
бөлу жол жолақтары бар жолдың қозғалыс үшiн жабық жүрiс бөлiгiн 5.34.1 белгiсiнiң талаптарына сәйкес айналып өткенде фардың жақын жарығы iске қосылуы тиiс.
Ескерту. 19.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

19.7. Фар-прожекторды және фар-iздеушiнi қарама-қарсы көлiк құралы жоқ кезде елдi мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Елдi мекендерде мұндай фарларды тек қана жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүгiзушiлерi қызметтiк тапсырманы орындау кезiнде пайдалана алады.

19.8. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көрiну жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьды тоқтау-сигналына қосуға тыйым салынады.

19.9. "Автопоезд" айырым белгiсi автопоездың қозғалысы кезiнде, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көру жағдайында, бұдан басқа оның аялдау және тұру кезiнде iске қосылуы тиiс.

19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктердің тасымалдарына ілесіп жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда, күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке күзет ұйымдары ұтқыр топтарының көлік құралдары қосылуы тиіс.
Ескерту. 19.10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

19.11. Дыбыс сигналдары тек қана:
басқа жүргiзушiлердi елдi мекеннен тыс жерде басып озу ниетiн ескерту үшiн;
бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

19.12. Басып озу туралы ескерту үшiн, сондай-ақ Ереженiң 9.4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәулiктiң жарық уақытында мезгiл-мезгiл қысқа уақытқа фардың жарығын жандырып-сөндiрумен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында - бiрнеше қайтара фардың жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен берiлуi мүмкiн.

20. Механикалық көлiк құралдарын сүйрету

20.1. Сүйрету тiркеудi қолдана отырып немесе көлiк құралының алдыңғы жағына арнаулы тiрек құрылғысына сүйрететiн көлiк құралына асу жолымен, немесе оны сүйрететiн көлiк құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.

20.2. Қатты немесе иiлгiш тiркемемен сүйрету, қатты тiркеме конструкциясы сүйретiлетiн көлiк құралы сүйретушiнiң траекториясы бойынша жүретiн түзу сызықты қозғалысын қамтамасыз ететiн жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретiлетiн көлiк құралында жүргiзушi болған кезде ғана жүзеге асырылады.

20.3. Иiлгiш тiркемемен сүйреткен кезде сүйретушi және сүйрелетiн көлiк құралдарының арасында 4-6 м шегiнде, ал қатты тiркемемен сүйрету кезiнде - 4 м артық емес арақашықтық қамтамасыз етiлуi тиiс. Байланыстыратын буындар Негiзгi ережелердiң тиiсiнше 11 және 12-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиiс.

20.4. Иiлгiш және қатты тiркемемен сүйреткен кезде сүйретiлетiн автобуста (троллейбуста) және сүйретiлетiн жүк автомобилiнiң кузовында жолаушылардың болуына, ал аспалы немесе жартылай тиеумен сүйреткен кезде - сүйретiлетiн көлiк құралының кабинасында немесе кузовында, сондай-ақ сүйретiлетiн көлiктiң кузовында жолаушының болуына тыйым салынады.

20.5. Мынадай жағдайларда:
рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн көлiк құралын (аспалы әдiспен немесе жартылай тиеумен сүйретуге жол берiледi);
екi немесе одан көп көлiк құралдарын;
оның нақты массасы сүйрейтiн көлiк құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесi жұмыс iстемейтiн көлiк құралын. Мұндай көлiк құралын нақты салмақ аз болғанда тек қана қатты сүйретпемен немесе жартылай тиеу әдiсiмен сүйретуге жол берiледi;
бүйiр тiркемесi жоқ мотоциклмен, сондай-ақ осындай мотоциклдi;
көктайғақ кезiнде иiлгiш тiркемемен сүйретуге тыйым салынады.

21. Үйрену үшiн жүру

21.1. Көлiк құралын жүргiзудi бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргiзiледi.

21.2. Жолдарда үйрену үшiн жүруге тек қана үйретушiмен және үйренушiнiң бастапқы басқару дағдылары болған кезде ғана жол берiледi, мұндайда дербес үйрену кезiнде механикалық көлiк құралында жолаушылар болмауы тиiс. Үйренушi Ереженiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi.

21.3. Үйретушiнiң өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын жүргiзудi үйрету құқығына құжаты немесе 3 жылдан артық жүргiзушiлiк стажы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiк құралын басқаруға куәлiгi болуы, ал үйренушiнiң - дербес тәртiпте - жеке басын куәландыратын құжаты және осы санатты көлiк құралын басқаруға жарамдылығына медициналық растаудан өткендiгi туралы анықтамасы болуы мiндеттi. Дербес тәртiпте С, D және E санатындағы көлiк құралдарына жүргiзудi үйретуге тыйым салынады.

21.4. Үйренушiнiң жасы автомобильге 16-дан, ал мотоциклге - 14-тен кем болмауы тиiс.

21.5. Үйрену жүргiзiлетiн механикалық көлiк құралы "Үйрену көлiк құралы" деген айырым белгiсiмен белгiленген және үйренушi үшiн артқы көрiнiс айнасымен жабдықталған болуы тиiс. Үйрету ұйымының жүргiзудi үйренуге арналған механикалық көлiк құралы Негiзгi ережелердiң 5-тармағына сәйкес қосымша жабдықталуы тиiс.

21.6. Тiзбесi белгiленген тәртiпте хабарланатын жолдарда үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.

22. Жолаушыларды тасу

22.1. Жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдауға "С" санатындағы көлiк құралдарын басқару құқығына куәлiгi (кабинадағы жүргiзушiнi қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезiнде) осы санаттағы көлiк құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Ескертпе. Әскери жүргiзушiлерге жүк автомобильдерiмен жолаушылар тасымалдауға рұқсат беру белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы кемінде жиырма бірде, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 22.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

22.2. Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында, егер ол Негiзгi ережелердiң 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етiледi.

22.3. Жүк автомобилiнiң жүргiзушiсi жол жүрер алдында жолаушыларға мiну, түсу және кузовта орналасу тәртiбi туралы түсiндiруге; қозғалыс кезiнде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиiс.
Қозғалысты жолаушыларды қауiпсiз тасымалдау шаралары қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзiлгеннен кейiн бастауға болады.

22.4. Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшiн жабдықталмаған жүк автомобилiнiң кузовында жүруге, олар борттың деңгейiнен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етiлген жағдайда ғана, жүктi алып бара жатқан немесе жүк әкелуге жiберiлген адамдарға рұқсат етiледi.

22.5. (Ескерту. 22.5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

22.6. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асыруға, ал қозғалысты есiктер жабық күйiнде бастауы және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.

22.7. Жолаушыларды:
автомобильдiң (борттық платформасы немесе бүркемелi кузовы бар жүк автомобильдерiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, жүк мотоциклiнiң кузовында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс;
көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейiнгi балаларды санамағанда, жоғары санда. Мұндайда көлiк құралының нақты салмағы дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса көлемiнен аспауы тиiс және 12 жасқа дейiнгi балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек;
мотоциклдiң артқы орындығында мас күйiнде;
жүк автомобилiнiң кузовында отыру үшiн жабдықталғаннан жоғары санда тасымалдауға тыйым салынады.

22.8. 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдауға тыйым салынады:
мотоциклдiң артқы орындығында;
механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларға арналған ұстап тұру арнайы құрылғысы болмағанда.
Ескерту. 22.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

22.9. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады, онда міндетті түрде ересек (18 жастан жоғары) ілесіп жүруші болуы тиіс.
Автобустар балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгісі орнатылуы тиіс.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауға жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.
Ескерту. 22.9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

23. Жүк тасымалдау

23.1. Жүк тасымалдау осы мақсатқа арналған көлiк құралдарымен және көлiк құралдарының құрамдарымен жүзеге ысырылуы тиiс.
Автобустарда қол жүгiн қоятын бөлiмшеден тыс орында жүктi, оның iшiнде қол жүгiн тасымалдауға тыйым салынады.
Ескерту. 23.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

23.2. Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы, жүктеменi осьтер бойынша бөлiп орналастыру осы көлiк құралы үшiн дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген көлемнен аспауы тиiс.

23.3. Жүргiзушi қозғалысты бастар алдында және қозғалыс кезiнде олардың құлауынан, қозғалысқа кедергi тудыруды болдырмаудан сақтану үшiн олардың орналасуын, бекiтiлуiн, жабылуын және жай-күйiн бақылап отыруы тиiс.

23.4. Жүк тасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол:
көлiк құралының санатына және түрiне сәйкес келсе;
жүргiзушiге шолуды шектемесе;
басқаруды қиындатпаса және көлiк құралының орнықтылығын бұзбаса;
сыртқы жарық приборларын және жарық шағылыстырғыштарды, тiркеу және айырым белгiлерiн көлегейлемесе, сондай-ақ қолмен берiлетiн сигналдарға кедергi жасамаса;
шу туғызбайтын болса, жолды және қоршаған ортаны шаңдатпаса, ластамайтын болса жол берiледi.
Егер жүктiң жай-күйi мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргiзушi аталған тасымалдау ережелердiң бұзылуын жоюға, егер жою мүмкiн болмаса - әрi қарай қозғалысты тоқтатуға мiндеттi.

23.5. Арттан және алдынан 1 м артық немесе бүйiрден көлемдiк оттардың сыртқы шетiнен 0,4 м артық шығып тұратын жүктер немесе көлiк құралының көлемiнен шығып тұратын бөлiктер "Iрi көлемдi жүк" айыру белгiлерiмен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, бұдан басқа, алдынан - фонарьмен немесе ақ түстi жарық шағылыстырғышпен, артта - фонарьмен немесе қызыл түстi жарық шағылыстарғышпен белгiленуi тиiс.

23.6. Ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксiз көлемдiк өлшемi енi бойынша - 2,55 м-ден (2,6 м - изотермиялық қораптар үшiн), жүрiс бөлiгiнiң бетiнен биiктiгi бойынша - 4 м-ден, автопоездың (бiр тiркемені қоса алғанда) ұзындығы бойынша - 20 м-ден асатын не көлiк құралының көлемiнен 2 м-ден астам артқа шығып тұратын жүгi бар көлiк құралының қозғалысы, сондай-ақ екi және одан көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн арнайы ережелерге сәйкес орындалуы тиiс.
Көлiк құралы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде - "Қауiптi жүк"; "Негiзгi ережелердiң" 8-тармағында көзделген жағдайларда - "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген айырым белгiлерiмен белгiленген болуы керек.
Ескерту. 23.6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

24. Велосипедтердiң, мопедтердiң, көлiк арбалардың қозғалысына, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар

24.1. Велосипедтi, көлiк-арбаны (шананы), жүк артылған адам мiнiп келе жатқан көлiк-малы немесе жол бойымен қозғалатын мал табынын басқаруға жасы 14-тен, ал мопедпен жүруге - 16-дан кем емес адамдарға рұқсат етiледi.

24.2. Велосипедтер, мопедтер, көлiк арба (шана), адам мiнген және жүк артылған көлiк-малы, егер бұл жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмейтiн болса, оң жақ шеткi жол жолағымен, мүмкiндiгiнше оңға таман бiр қатармен қозғалуы тиiс.
Велосипедшiлер, көлiк арба (шана), адам мiнген және жүк артылған мал колонналары жүрiс бөлiгi бойымен қозғалған кезде 10 велосипедшi, адам мiнген және жүк артылған көлiк-малы 10-нан және арба (шана) 5-тен топтарға бөлiнуi керек. Басып озуды жеңiлдету үшiн топтардың ара қашықтығы 80-100 м болуы тиiс.

24.3. Велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне:
ең болмағанда бiр қолымен рульден ұстамай жүруге;
сенiмдi аяқ тiрегiшпен жабдықталған қосымша орындықта 7 жасқа дейiнгi баладан басқа жолаушыларды тасымалдауға;
көлемiнiң ұзындығынан немесе енiнен 0,5 м артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
қатарында велосипед жолы болғанда жол бойымен қозғалуға;
трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшiн бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға тыйым салынады.
Велосипед және мопедтiң пайдалануына арналған тiркемеден басқа велосипедтердi және мопедтердi, сондай-ақ велосипедпен және мопедпен сүйретуге тыйым салынады.

24.4. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан, реттелмейтiн өтпесiнде велосипед пен мопедтердiң жүргiзушiлерi осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
Көлік-арба (шана) жүргізушісі шектеулі шолынатын жерлерде екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап алып жүруі тиіс.
Ескерту. 24.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

24.5. Малдарды, ереже бойынша, тәулiктiң жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдары мүмкiндiгiнше жолдың оң жақ шетiне жақын бағыттауы тиiс.

24.6. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында мал топтарын жолдың бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда мал бар екендiгiн ескерту үшiн жүргiзушiлерге сигнал беруi тиiс.
Ескертпе. Шырақпен немесе фонарьмен қолдың шеңбер жасай қозғалуы сигнал болып табылады, мұндайда берiлетiн сигнал мал топтарынан жақындап келе жатқан көлiк құралдарының бағытында, 10-15 метр ара қашықтықта болуы тиiс.

24.7. Темiржол жолдары арқылы айдағанда мал айдаушылар мал санын әр торты қауiпсiз айдап өтудi қамтамасыз ететiндей болуын ескере отырып, топтарға бөлуi тиiс.

24.8. Көлiк-арбаның (шананың) жүргiзушiлерi, мал айдаушылар мен жүк артылған және мiнiс малының және малдың иелерiне мыналарға:
малдың қатты төсенiштi жолдарға шығып кетуi мүмкiн жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;
малдарды темiржол жолдары арқылы және арнаулы белгiленген жерлерден тыс, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында (түрлi деңгейдегi мал айдаудан басқа) айдап өтуге;
малдарды, өзге жолдар бола тұрып, асфальтты және цемент-бетон төселген жолдармен алып жүруге тыйым салынады.

Ұқсас сұрақтар

...