5В070300 – Ақпараттық жүйелер, академиялық дәрежесі – ақпараттық жүйелер бакалавры.
Бітірушілердің кәсіби қызмет салалары өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару салалары болып табылады және келесі лауазымдарда қызмет істей алады:
- санатсыз жоғарғы білікті маман;
- екінші санатты жоғары білікті маман;
- бірінші санатты жоғарғы білікті маман.
Ақпараттық жүйелер маманының негізгі атқаратын қызметтері: жобалау, эксплуатация, әкімшілендіру, бағыт көрсету, ақпараттық жүйелерді тестілеу, бағдарламалы-аппаратты қорғаумен қамтамасыз ету.
Кәсіби қызмет түрлеріне: жоба-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, пайдаланушылық.
- бірінші, екінші санатты деңгейдегі маман;
- программист;
- жүйелік администратор;
- мәліметтер қорының администраторы;
- 1С саласындағы маман;
- ұйымдарда және өнеркәсіптерде есептеу техникасы саласындағы маман;
- WEB–қосымшаның әзірлеуші;
- электроншы;
- ақпарат қауіпсіздігінің маманы;
- есептеу орталығының технигі.