Осы саясатқа араласпаймын деп едім, бірақ тілім қышып отырғаны.
Жалпы демократия деген сөзді түсінесіз ғой деп ойлаймын. Көне грекше "халық билігі" деген сөзден құралған.
Негізі демократия қазақ халқынан бұрыннан болған, Мысалы Абылайға Бұқар жырау: "Атың сенің Сабалақ, Түйесін баққан құл едің", Жәңгір ханға Махамбет "Хан емессің қасқырсың" немесе "Алты қанат ақ орда еңкеймей кірсем деп едім" айтқандары дәлел бола алады. Қазақ халқында ежелден демократия болған.
Тағы бір мысал, Қазақта "Билер соты" дейтін болған, қазақ билерді ешқашан, ешкім тағайындап немесе сайлау жүйесімен қоймайды, ол бөлек әлемдік тәжірибиеде қайталанбас, өте күрделі жүйе. Билік айтқан бидің төрелігіне риза болмаса шексіз аппеляциялық жолмен кете береді және ондай жағдайлар қайталанбаған. Әділ төрелік айтпаған биге ешкім бармаған.
Ал қазіргі Қазақстанда қалай демократия жоқ екендігін айт деп отырсыз, Бір ғана оқиғаны еске сала кетейін - Америка Президенті мен Моника Ливинскийдің оқиғасын білетін бе едіңіз, осы оқиғаны бізде елестетіп көріңізші, тіпті шағын аудан көлемінде болса да. Айтар ойымды түсіндіңіз ғой деп үміттенем.