+8 дауыс
445 көрілді

Ассалаумағалейкум! Алында сұрақ қойған едім https://surak.baribar.kz/390087/. Сол кездесу қалай болған айтқым келіп отыр.  Өзім шақырып алып өзім бармаған дұрыс болмайды деп,  жауапкершілікті алған соң барған едім. Сағат 4 те бардым,  халық көп бірақ телға хабарласып жатқан адам жоқ,  15 - 20 мин  соң тел ға Ерқанат хабарласты, қуанып кеттім. Әйтеуір бір адам болсада келеді деп. Екеуміз біраз далада күтіп дала салқын болған соң ішке кіріп тамақ ішіп қайттық.

.

Негізі қызық болды. Негізі менінде қатем бар орынсыз күнде орынсыз айда шақырып. Себебі бұл күні студенттер ауылдарына кетіп жатыр және сол күні күн салқын болды. Тек Ерқанат екеуміз жатпаймыз. Негізі жақсы болды бір нәрсе шешіп алдық.

Сосын жеке ұсынысым бар еді. Алында екі үш бұрын Ақтөбеге барып қайттым. Сонда поезда отырып Сұрақ жауапқа кірген едім, Сонда Студенттер отырды оларда отырады екен. Бір танысып қалдық. Сонда айтқаны негізі сұрақ жауап сайтты жақсы керек  сайт деген. Бәрін айтқаны бір сөз дизайн ұнамайды. Сосын конкурстар өткізіп отырса жақсы болар дейді. Менім ұсынысым Ерболға ақшалай көмек жинап берейік. Счетіне салып жеберейік. Бәріміз Қазақпыз ғой Бір Асар жасап көмек берейік. Бұл менім жеке пікірім. 

Айта кететін Мен Ерболды жақын танымаймын.  Таланты жігіттерге көмектеспесек кім көмектеседі. Қазақтың Сайтына үлес қосайық. 

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Болатбек шынымен риза болып отырмын. Негізі өте жақсы бастама. Сеңді қозғалттың, ендігі кездесуде көп адам жиналады деген үміттемін. Сосын басқа да студенттер сайтты қолданады дегеніңді естіп қуанып қалдым. Себебі басқа да таныстарым айтып жатады, мен де осылай естідім дегенде төбем көкке бір елі жетпей қалып мәз боламын. Қуаныштан қуанамын, еңбектенсең нәтижесі болады екен ғой деп.

Ал сайттың сырт келбетіне келетін болсақ ниеттеріңе үлкен рахмет. Маған көрсеткен қолдауларың ол сайттағы жарнамаларды күніне кіргенде бір реттен әр қайсысың бөлек бөлек шертіп шықсаңдар сол мен үшін үлкен табыс болмақ. Қазіргі таңда менде қаражат көзі тапшы деп айта алмаймын, бірақ ақшам тасып бара жатқан жоқ.

Жоспар бойынша келесі жылы яғни алдағы 1 квартал деп айтады 3 айдың ішінде жаңа дизайн істетпекшімін. Бұл жолы мен өзім жыртықты жамап істемейтін боламын. Яғни ақыға істетпекшімін, тиісінше өте сапалы жақсы дизайн болып шығады. Әзір жыл соңы мен де демалайын, физикалық тұрғыдан болмаса да психологиялық тұрғыдан шаршаймын. Өзіме кішкене уақыт демалыс жариялап мен де әке шешемнің қасында жаңа жылды қарсы алып, жаңа жылда жаңа белестерді бағындыруға білек сыбанып кірісетін боламын. Ойда көптеген істер жасау бар. Оның ішінде міндетті түрді бірінші орындай ыңғайлы сайт дизайнын жасату. Бұл жолы енді тек сапалы болады. :)

Сондықтан ниеттеріңе үлкен рахмет. Қаражат жинаудың қажеті жоқ. Маған көмектеріңіз сол сайтқа кіргенде жарнаманы бір рет шертіп қойып отырсаңыздар және достарыңызға, таныстарыңыз, т.б. осындай сайт бар екенін айта жүрсеңіздер. Мен үшін осы үлкен көмек. Шыны керек осы қазірдің өзінде сайттан жарнама арқылы тиын-тебен түсіп жатыр. Шын білек сыбанып жұмыс істеуге ниет бар. Оның үстіне жолдас баламмен бірге QazaqMedia http://qazaqmedia.kz атты жарнама агенттігін ашқанбыз. Қазақ тілді сайттарды қолдап жарнамамен қамтамасыз ету мақсатында. Биыл өз жемісін ақырындап беруде. 

Жаңа жылдың еншісіне қалдырдым көптеген істерді. Менде қазір сәл демалыс, сондықтан сайттың өзінде көптеген жағдайларға араласпай жүргендігім сондықтан. Тек сұрақтарды өңдеумен шектеліп жүрмін.

Ағасы ренжімесеңіз жауабыңызды өңдеп қойдым.
Сәл қателіктер кеткен екен.
Соңғы кезде қате жазылған сұрақ н/е жауап болса өңдей беретін болыппын.
Белгісіз
Онда тұрған ештеңе жоқ Ұлықбек!
Негізі жауапта қатты мән бермеген дұрыс. Ең негізігісі ол сұрақ, сұрақ іздеу сайттарының индексациясынан өтетін негізгі жері. Сол жерді өңдеп қойсаң болады. Ал жауап маңызды емес.
+1 дауыс

Жақсы ұсыныс,мен келісемін!

Онда жақын арада тағы да жиналып қаларсыңдар!

Алдындары бір қолданушы осылай ұсыныс жасаған,қаражат жағынан Админге көмек берейік деп,сол кезде Админ олай етпей-ақ қойыңдар уақытысы келгенде айта жатармын дегендей болды. Сосын рахметін айтты,енді осы жолы келісімін берер деген үміттеміз!

Марат Қаниев ұсыныс жасаған осылай.
...