0 дауыс
14.1k көрілді

Автохтонды ұлт деген не?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«ҰЛТ» ДЕГЕН СӨЗ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

«Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек»  (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

«Казорда Кз» Ұлт деген не? деген сұраққа (http://kazorta.org/lt-degen-ne/) «Ұлт деген — ең алдымен, басты құрастырған адамдардың тобы» (совокупность)» деп жауап беріпті..

Ұлт – Ұл деген түбір сөзден және «Т» деген дыбыс-таңбадан тұрады. Ұлдың мағынасы баршамызға белгілі «Ұл (ер)» бала, осы түбірден ұлан, құлан,  ұланақ, ұлы, ұлық, ұлықтау, ұлыс, Ұлытау, Құлсары, Сұлтан т.т. дүниеге келді. Ұлы сөзі кез келген жақсы ұғымның ең жоғарғы шегін білдіреді. Мысалы, ұлы дала, ұлы адам, ұлы тұлға, ұлық, ұлықтау, Ұлытау, ұлы бау, ұлы еспе, ұлы құдық т.т. болып кете береді.

Ал, «Т» дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген мағына береді. Мысалы, Ұлт, Бұлт, Ұрт, Жұрт, Құрт, Ат, Ұт, Құт, Жат, Жұт, От, Тұт, Сүт, Тобыш, Тоғыз, Тоғыз Оғыз, Тоқсан, Тоқсан тоғыз т.т.. Атам Қазақтың шежіре дерегі бойынша «Т» дыбысы тоғыз санын иемденген Тобыштардың есімін береді. Ежелгі шежірелердегі рулардың бәріне таңба үлестіретін Оғыз қағанның есімінің де «ер мен әйел» деген мағынасы бар. Оғ (Оқ, оғлан, ұл, ұлан), Ғыз (қыз). Көптеген зерттеушілер Оғыз бен Адайды синоним деп тұжырымдайды. Бұл жерде синоним дегеннен көрі,  Оғыздарды Адайдың ұрпағы дегеніміз дұрыс. Себебі, Оғыздардың тегі Адайдың жетінші немересі Тобыштан тарайды. Тоғыз саны Тобыштардың сандық атауы. Тоғыздың сөз түбірі Оғыз болатыны осыдан.

Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

«Тоғыз бие тарту ғып

Алдына алып барайық (340 бет).
…Жіберді тарту қылып тоғыз адам («Қамбар батыр» 344 бет).

«Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

Бұлт – өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі ұлт. Бұлт аспанда, ұлт жерде. Жер бетіндегі ұлттар да, тура аспандағы бұлттар сияқты дүниеге келіп, жел айдаған кезде жөңкіле көшіп, біресе ыдырап, біресе қайта қосылып, немесе жойылып та жатады. Бұлттың құрамы бу, қозғаушы күші жел. Ұлттың құрамы адам, қозғаушы күші ел (бір рулы ел).
«Б» дыбысы әрқашанда Бала деген мағына береді. Ал, ала, бал, бала деген біріккен сөздерден тұрады. «А» - Ата, «Ә» - әке, «Б» - бала делініп Әліппе таңбаларының үшінші дыбыс таңбасын береді.
Салт – Ата салты. Басы Атаны сыйлаудан басталып, арты әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін сыйлаумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида өзгермеуге тиіс.

«С» дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да «Сақ, Сақтар» деген мағына береді. Мысалға, бәріміз білетін «Саға» деген сөзді алайық. Саға – ағын судың бастау алатын сағасы. Осыған сәйкес Қазақта «Су ақпайтын ба сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан» деген нақыл сөз бар. Сағаның толық мағынасы Сақ Аға. Қазақтың Ата салтын қалыптастырғандар да осы Сақ аталарымыз. Ақиқатқа Ата болғандарда осы Сақ Аталарымыз. Сақтың түбірі «Ақ» болатыны осыдан. Қолындағы барын елмен бөлісіп, Сақи (мырза) атанғандарда осы аталарымыз.

Атам Қазақтың ежелгі шежіре-тарихының бәрінде де Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған таудың атауы «Жуды» деп аталады. Ол таудың қазіргі атауы Қазығұрт, яғни Қазық жұрт. Қазық қазақтың көптеген лақап аттарының ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Баламасы жерге қағылған қазық. Себебі, басқа жұрттардың бәрі келеді, кетеді. Ал, Қазық жұрт орнынан ешқашан қозғалмайды. Аспандағы Темірқазық жұлдызы да солай. Ол да, қаққан қазық сияқты, мәңгі бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп тұра береді. Ал, алғашқы кеменің (ем, ему, емшек, ем-дом жасау, емші, емхана, емен, емле, темір, семсер, Иемен т.т.) авторы Қаз Адайдың жетінші буын ұрпағы Бұзау-Жеменейлер. Бұл ұғымдардың бәрінің «Ем» деген бір түбірден, яғни бір атадан болатыны осыдан.

Ұлт атауының авторларын мына көрші орыстар «нац (натс) деп дәлдеп тұрып атайды. «Н» деген дыбыс қазақта Нұқ пайғамбар атамыздың есімін берсе, екінші  Ат – Ад (Адам Ата)  қауымы атауын береді. Ал, Үнділер (Индия) Ата салтын күні бүгінде де «Ната салты», яғни Нұқ Ата салты деп атайды.

Қазығұрт демекші, Атам Қазақтың сөз жасау қағидасында екі сөзді біріктіріп бір сөз жасағанда, дыбыс үндестігіне сәйкес екінші сөздің бірінші дыбысы, немесе бірінші сөздің соңғы дыбысы түсіп қалып, қосылып айтылады. Мысалы, Үстіңгі жұрт – Үстірт, Атамыздың жұрты – Атажұрт, Сары аға – Сарға, Хан аға – Қаңға, Хан ауылы – Қаңлы, Торы айғыр – Торайғыр, Торы ат – Торат (Таурат), Ман әке – Меке, Би Адай – Бидай, Қу Адай әке – Құдайке, Жарылардың кенті – Жаркент,  Жарылардың бұлағы – Жарбұлақ, Балықшы Сақ Ғұн – Баласағұн, алып кел – әкел, алып бар – апар т.т. болып кете береді. Демек, осы қағидаға сәйкес Қазығұрттың шынайы мағынасы Қазық жұрт, яғни Қазақ жұрты болып табылады.

Жуды – Жу және Ұд (Һұд) деген екі біріккен сөзден, яғни ежелгі екі атамыздың атынан тұрады. Бұл жерде Жу баласы, Һұд (Ұт) пайғамбар атасы. Себебі, «Ы» дыбысы «И», «Й», «І» және «Н» дыбыстары сияқты кез-келген есім сөздің соңына жалғанса баласы (ұлы, қызы), ұрпағы, жалғасы, яғни сол Атаның (рудың) ішінен шықты деген мағына береді. Мысалы, Тоқтамыс Жары, Бектеміс Жары, Әкім Таразы, Тұңғышбай Әл Таразы, Құсайын Шеразы т.т. болып кете береді. Нұқ пайғамбар заманында Жу елінің малы түгел топан суға кетіп қырылғандықтан олар Жұтқа ұшырады. Қазақтың «жұт» деген сөзі осылай дүниеге келді.

Жу (Жүз, Жұрт, Жуды) елінің тегі (түбі) кім екендігіне Құран аяттары айқын жауап береді. «…Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік)» (Құран Кәрім. «Ал-Хаққа сүресі». 65 аят).

Бүгінгі қазақтар, соның ішінде қазақтың шежірелік жүйесінің ең соңында тұрған Қаз Адайлар сол ежелгі Ад елінің, яғни Адам Ата қауымының қарашаңырағы иелері болып табылады.

Жұрт – Жу, Ұр деген екі біріккен сөзден және «Т» дыбысынан тұрады. Жу елі атауының мағынасын жоғарыда айттық, ал Ұр (Үр) – Тұран мен Түріктің түп атауы. «Т» дыбысы (таңбасы) әрқашанда толып-толысқанды, яғни кез келген ұғымның ең жоғарғы шегіне жеткенін білдіретінін жоғарыда айттық. Сол айтқанымдай, ұлт (ұл - Адам Ата мен Ауа Ананың ұлдары) өсіп-өніп, көбейіп ұлтқа айналып тұр), сүт (судың ағарған ең сапалы түрі), сырт (ішкі емес), жылт (көрінді де жоқ болды), өрт (бәрі жанып кеткен) т. т. болып кете береді.

Алғаш рет ұл, ұлы, ұлан, ұлт атаулары көне Маңғыстаудағы ежелгі МАД (Ман Адай) патшалығы дәуірінде дүниеге келген. Оның топономикалық айғақтамасы Ұланақ атты жер атауы болып табылады.

«Ұланақ – Қаратау жотасының оңтүстік жағындағы тауаралық аңғар, Таушық пен Жыңғылды аулының аралығында. Жыңғылды аулынан солтүстік-батыста. Адай мен түрікпен арасындағы үш үлкен шайқастың бірі осы Ұланақта болған делінеді. …Мұны Ұланақ қырғыны дейді. Тірі адам аз қалады. Ұланақ деген сөз түрікпеннің дүниеге келген нәресте ахылап туды деп Огланақ атаған, қазақтар оны өзінше айтып Ұланақ болып кеткен» делінеді (Серікбол Қондыбай «Маңғыстаудың жер-су атаулары» Алматы-2010. 289 бет).

Ақиқатында, Маңғыстаудағы топономикалық атауларды өзге елдің сөзінен шығару дұрыс болмайды. Қас би (Каспий) деп бүкіл әлем елдерімен мойындалған аталарымыз өзге елдің тіліне зәру болмаған. Маңғыстаудағы барлық атаулар қазақтың төл сөзі. Адай шежіресінен, яғни Манқыстау тарихынан хабары бар жандар үшін бұл дауға жатпайды.

«Ол кезде текті ұлдардың заманы еді,

Сол ұлдар ел еткен ғой тәмам елді,

Адайдың арда туған арыстары

Бүгінге алып келген аман елді.

Ол кезде болған небір қанды майдан,

Адайдың кездері аз ба бағы тайған.

Бір мезгіл Ұланақтың жазығында

Түркпеннің кеткені бар салып ойран.

Заманның дәл осындай қиясы бар,

Сол жердің «Жау жол» деген қиясы бар.

Қайтсе де Адай-Шоңай мекен еткен,

Елімнің Ұланақтай ұясы бар» (Ғ.Әріп «Каспий трагедиясы» Алматы-2008. 169 бет).

Түсініктеме: Шоңай АдайдыңТобышынан тарайды. Тобыш руы (ішінен Мөде, Еділ қағандар,

Қарасай, Қази, Орақ, Мамай т.б. шыққан) Адайдың тоғызыншы буын ұрпағы, жетінші немересі болып табылады. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы әңгіме болатын «Шоң» деген сөздің мағынасы осы. Осы өңірде Абай мен Шәкәрім шыққан Тобықты руымен аттас тау шоқысы бар, онда Әулие Бекет – Пір Атаның мешіттерінің бірі орналасқан. Абайдың Ата тегі Қазақ – Жанарыс (Орта Жүз) – Арғын – Мейрамсопы – Тобықты болып таратылады.

Ұланақ - Ұл, ан, ұлан, ақ деген біріккен сөздерден тұрады. Мағыналары да сол алғашқы күйінде, күні бүгінде де қолданыста. Ман аталарының ізін жалғастырып, олардың даңқын асырған нағыз ұлы, бел баласы болып шығады. Ал, Ақ сөзі Манның ұлдары Ақпан (Сақ) аталарымыздың аты. Әділет деген ұғымды Ад қауымы (Адам Ата) дүниеге әкелсе, Ақиқат (шындық) деген ұғым Адайдың бесінші буын ұрпағы, төртінші немересі Ақпандардан басталады. Бүкіл әлем елдерінің ұлт (сөз түбірі «ұл») деп аталатынының және адами қасиеттің биік шыңының «Сұлтан», төменгі сатысының «Ұлтан» делінетінінің сыры осы.

Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы ретінде айтарымыз, Маңғыстауда Ұланақтан да өзге атаулар толып жатыр. Мысалы:

Ұлы – Сарытас шығанағына баратын Солтүстік Ақтау жотасындағы терең шатқал-сайдың жоғарғы жағында орналасқан. Кетіктен шыққан жол Үдекке жеткен соң тармақталып, бірі – Бозашы түбегіне, екіншісі – Оңтүстік Ақтау жотасы арқылы Хиуа бағытына жүреді.

Ұлыбау – сай; Шайыр аулының шығыс жағында 1-2 км жерде.
Ұлыеспе – Бозашы түбегінің теңіз жағалауында.

Ұлыкүндік – тау; Бостанқұмның оңтүстік шетіндегі, Сұмсаның терістік бетіндегі қос тау-төрткүл. Олар Ұлы Күндік жіне Кіші Күндік деп аталады. Аңыз бойынша, Ерсары батырдың ас пісіруге пайдаланатын ошағы осы екі тау болған екен.

Ұлықұдық (Ұлықұй) – Кетіктен (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) Шағадамға (Красноводск) баратын жол бойында.
Ұлықыз – Ұлықыземшек. Үстірттегі Қыземшек төбесінің екінші атауы.
Ұлықырғын – Қараған-Босаға өңірінде.
«Он үште ұл – ұлан, он бесте қыз – ұлан» деген мақал солардан қалды.
Қаз, Қазан, Қазар, Қазық, Қазық жұрт, Қазығұрт, Темір Қазық жұлдызы - Қазақ ұлты атауының синонимі болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды, Ұл бала, яғни Ұлы Аталарымыз өсіп-өніп, көбейіп,  толып-толысып ҰЛТҚА айналып тұр. Бұл тұжырым ақыл-есі дұрыс Қазақ баласы үшін дауға жатпауға тиіс. Бүкіл әлемдегі ұлттар атауының шығу тегі осы. Ұлттың бастауы Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек т.т. болып жалғасып кете беретін Ұл бала. Ұлы Жаратушы – Алланың қалауы әйел адам ұлт құра алмайды.

Тарих тағлымы: Кез-келген ұлттың бастауы Ұл (ұрпақ үшін Ата), Ру, Ел (Бір рулы ел) олар толып, толысқан кезде Ұлтқа айналады. Демек, әрбір ұлт, сол ұлттың түбіндегі бір Ер Адамнан, яғни бір Атадан басталады. Атам Қазақтың Ата салтында бір Атаның баласы бір тіл де, бір дін де болуға тиіс. Сондықтан сол Ұлы Аталарымыз «Тіл тұғырың, дін діңгегің», «Тілі екеудің, діні екеу, діні екеудің соңы құрдым», яғни оның соңы сол ұлттың ыдырауына апарып соғады деген.

Тарихқа үңілсек, қазіргі еврейлік Европалықтар мен Америкалықтардың насихаттап жүрген «гендерлік саясаты» сияқты саясаттар бұрында да сан рет болған. Оның соңы әлем елдерін аздырып Матриархатқа, яғни балалардың өз әкелерінің кім екенін айыра алмайтындай бей-берекеттіктің соңы, жыныс ауруын қоздырып, қоғам өзін-өзі іштен шірітіп жойған. Немесе, Лұт қауымы сияқты Алланың қаһарына ұшыраған.
0 дауыс

Республика атымен аталатын ұлт, яғни "Қазақ" - стан, "Тәжік"- стан ... т.б.

...