0 дауыс
63.5k көрілді

Сәкен Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңін жазып жіберсеңіздер мен жүктеп көрдім бірақ "Сыр сандық" өлеңі жоқ.

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Сабақ тақырыбы:С.Сейфуллин  «Сыр сандық»  өлеңі

             Сабақ мақсаты:Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толықтыра отырып , «Сыр сандық» өлеңін оқып,тақырыбы мен идеясын көркемдігін ашу,лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралысимвол туралы түсініктерін кеңейту.

2.Сөз еркіндігіне баулу,шығармашылық  ізденіске  бағыттау,сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,поэзияны түсінуге,сырына үңілуге шақыру.

3.Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу  әсемдікті тану,эстетикалық рухани бағдар беру.

Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Интерактивті тақта,мультимедиялық көрсетілім,тірек-сызбалар пайдалану,суреттер,тест сұрақтары,түсіндіру,ой талқы,храналогиялық кесте,талдау.

Сабақта қолданылған техналогия:Дамыта оқыту,СТО техналогиясының кейбір элементтері.

Сабақтың көрнекілігі:Ақын суреттері,отбасы,нақыл сөздер,мақал-мәтел,тапсырмалар,естеліктер.

Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих.

Сабақтың жүрісі:

          I. Ұйымдастыру.

          Сабаққа әзірлі

          II.Жаңа сабақты меңгерту

Балалар, бүгінгі сабағымыз ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті қайраткері,сұлу жанды Сәкен ақынға арналады.Сабақтың эпиграфы ретінде

Өмірде жан екенсің қия алмайтын

Өлеңнің құшағына сия алмайтын

Қазақты көргің келсе,міне,осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,-

деп  С.Мәуленов  жырлағандай бүгінгі сабақтың пердесін осы өлең жолдарымен ашып отырмын.

Ой қозғау:

Мен үйге ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып,оқып келіңдер деп алдын-ала тапсырма бергенмін.Олай болса,ақын өмірімен таныстық па?

I.Не біліп келдік?

1.Сәкен қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

2.Сәкеннің ата-анасы кімдер?Сейфолла қандай әке?Сәкенге қандай істері үлгі болды?Анасының ертегілерін тыңдап өскен Сәкен білім алуда қандай деңгейге жетті?

3.Ақынның ең алғашқы жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты?

4.Сәкеннің қандай шығармаларымен таныстық?  Естеріңде бар ма?Мүмкін,үзінді жатқа айтамызба?

5.Естеліктер сыр шертеді.М.Әуезов,Г.Серебрякова  естеліктерінен үзінді.

III.Мағынаны тану:Нені білгіміз келеді?

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңнің негізгі мазмұны туралы мұғалім сөзі:

Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді танымайды,шақыртқанға келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам шырқ айналар соқыр тауық болғаныма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде(фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен,Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық  пен  арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды  байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға,алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы  жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа  жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.

Нені білеміз?

IV.Өлең   жолдарына  талдау жасау.

Өлеңді оқып,өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп жазыңдар.

Тіркестер мен  айшықты сөздер:Нағыз дос,сыбатты тау,құзды шат,аққан су,сылдыраған бұлақ,шың басы,алтын жазу,қымбат жасау,сыр перне,алтын сарай,сұлу сым т.б.

V.Өлеңнің құрылымына талдау жаса

Сыр| сан|дық|ты| а|шып| қа|ра|,       А

                                            А|шып| қа|ра|, сыр|ла|сым|,        Б

                                            Сым| пер|не|ні| ба|сып| қа|ра|,    А

                                            Ба|сып| қа|ра|, жыр|ла|сын|!        Б

Өлең тармақтан, бунақ, шумақтан тұрады.

4 тармақ,2 бунақ,7-8 буындық, шалыс ұйқасқа жатады.

Өлең не туралы? Лирикалық кейіпкер кім?

VI.Тақырыпқа сай,дос туралы мақал-мәтелдер кім біледі?

VII.Ұйқасын тап,ойлан.

Достықты берік сақта

Дос сенімін .......

    2. Болмасын амал достық

       Болсыншы .......... достық

   3. Шын достықты жасайық

       Дұшпандықтан ............

   4. Достық үшін ...............

      Саған тиген үлес

   5. Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған,

       Сәкен ақын неткен ғажап,..............................

 

“Сыр сандық” өлеңі желісімен психологиялық тренинг тапсырмалар

Достық деген не?
Жақсы досты қалай табамыз?
Нағыз достықты жасауға бола ма?
Ата-анаңмен ақылдасасың ба?
Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма?

Әдебиет теориясынан

Лирикалық кейіпкер-өлеңдегі ішкі сезімін көңіл-күйін білдіретін ақынның өз бейнесі,жиынтық образы.

Символ – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше  балама бейне.

Сәкен символдары

VIII.Тест сұрақтары

IХ.Сабақты қорытындылау:

Күнге жайып құшақты,

Шақырып бері шаттандық.

Қуантуға ел-жұртты,

Асығып тез аттандық,-

Өлеңінде ақынның тілегі не,қайда асықты,

Ақын арманы орындалды ма?

Сонымен тәуелсіздіктің 20 жылдығына санаулы-ақ күндер қалды.Ақын арманын, тілегін орындайтын жастар кім?Олар сендер.

Айбардың орындауындағы ақынның «Тау ішінде» әнін тыңдап көрейік

Сәкен кім?                                 

Сабақта қандай сезімде болдың?

Қандай әсер алдың?

Х.Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау.

ХI.Оқушы білімін бағалау.

+3 дауыс

Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді,
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын.
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар -
Бір тауы бар сымбатты. -
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шың суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шынды айналған кұзды шаттар,
Құзды шаттар ақкан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда,
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында кақпасы.
Алтын жазу кақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,
Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,
Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қол сандықта,
Қол сандықта сыр
сандық.
Сандық іші
қызыл-жасыл,
Жасыл жібек перделі.
Толған қымбат сақтаулы асыл.
Асыл сым бар пернелі.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көніл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.

0 дауыс
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді,
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын.
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар -
Бір тауы бар сымбатты. -
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шың суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шынды айналған кұзды шаттар,
Құзды шаттар ақкан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда,
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында кақпасы.
Алтын жазу кақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,
Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,
Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қол сандықта,
Қол сандықта сыр
сандық.
Сандық іші
қызыл-жасыл,
Жасыл жібек перделі.
Толған қымбат сақтаулы асыл.
Асыл сым бар пернелі.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көніл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.
...