Мұхаммед пайғамбар айтқан: "Әйелдің ең көп міндеті күйеуіне қатысты, ал ер адамның ең көп міндеті анасына қатысты" деген екен. Ер адам анасының алдында өзін кіші сезінгені сияқты, әйел адам да өз ерінің алдында өзін кіші сезініп тұруы керек. Физикалық тұрғыда ер адам мықты да, қыз бала нәзік боладығо. Бір аңызда ееерте заманда адам баласының ақымақтау кезінде ерлер мен әйелдер бөлініп кім мықты екенін дәлелдемек болған дейді. Нәтижесінде әйелдер жеңіліп , ерлерден қорқып , көрінбей бөлек өмір сүре бастаған. Содан кейін еркектер аза бастаған, олар әйелдің қадірін біліп олардың керек жан екенін түсіне бастаған. Сөйтіп, ақылдаса келе әйелдер қауымын іздеп шығады да , тауып алады. Ерлер кешірім сұрап бірге өмір сүруге ұсыныс жасайды. Олар да келісіп қайта бірге өмір сүрген екен. Содан бері әйелдер өздерінің еркектерден әлсіз екенін түсініп, еркектерді құрметтейтін болған. Еркектер де әйелдерді сыйлап, оларды қорғау үлкен жауапкершілік деп ұғынған. Құдай сақтасын егер ел басына күн туып соғыс бола қалған жағдайда елін қорғау үшін майданға ерлердің аттануы парыз. Әскерге неге тек ерлерді шақырады, жауабы түсінікті. Сол үшін қыздар осылардың барлығын ұғынып ерлерден бір саты төмен екенін сезініп жүруі тиіс. Енді ерлерге келетін болсақ олар қыздарды сыйлауы керек, оларсыз өмір жоқ. Әлім жетеді екен деп қыздарды ұратын болсақ "заподлоғо"))).