Ия.Ақырзаман жайлы айтылған белгілер бар.Солардың қатарында осы балараның жойылуы жайлы да бар болатын.Араның біз білмейтін құпиялары да жеткілікті.Экономистердің болжамынша, бал араларының жойылуы азық-түлік дағдарысына, сөйтіп, жаппай ашаршылыққа ұрындырады. Өйткені бұл жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандыра отырып, адамзат тұтынатын барлық азық-түлік ресурсы көлемінің үштен бірінің жиналуына себепші болады. Дәнді дақылдар мен бау-бақша өнімдерінің 80-90%-ы бал араларының әрекеті арқасында дамып-жетіледі екен. Алайда зоологтар соңғы 10 жыл ішінде бұл жәндіктер қатарының жойыла бастағанын айтып отыр. Жыл сайын АҚШ-та ара ұяларының 30-35%-ы қырылып қалады, ал Еуропа қыстан соң бал араларының 20%-ынан айырылады. Енді аралардың жойылу тенденциясы Латын Америкасы мен Азияда байқалуда.
Құран аятынан:
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!», – деп нұсқады. (Жаратылыс қабылет берді.) Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығакды. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар. (Нахл (ара) сүресі, 68-69). {Құран сүресі де тегіннен-тегін «Ара» аталмайды ғой}
Пайғамбарымыз хадисінен:
«Емделудің үш түрі бар: әселмен (Бал), қан алдыру, отпен күйдіру.