0 дауыс
6.0k көрілді

Мен шашымды тездетіп 1 айда өсіргім келеді?Не істеу керек?

ыыы 1 ай дейсің бе ?! Арманның бәрі орындала бермейді. )
1 ай тым аз уақыт... Мүмкін емес!

7 жауап

0 дауыс

Парикмахерлерден кеңес ал,ең дұрысы сол.

0 дауыс

Шашты "питательный шамуньмен" жиі жуып тұр. Сонда тезірек өседі.

0 дауыс

Шаш күтімі: Шашты қалай өсіруге болады?

Шаш күтімі — шаштың дұрыс өсуін және саулығын мен әсемдігін қамтамасыз ету үшін жасалатын әрекеттер жиыны. Мысалы, шашты қысқарту (қырқу), арнайы косметикалық сұйықтықтарды жағу, маскалар жасау, т.б.

Әдетте, шашты нәзікжандылар ұзын қылып өсіруге құмар. Олардың жаратылысы солай.

“Шаш өсіру” дегенде екі түрлі шаш өсіру әдістерін қарастыруға болады. Мысалы, таз адамдардың басына шаш өсіру (шығару) мен бар шашты ұзын қылып өсіру. Бұл мақаланы нәзікжандылар тарапынан қойылатын “Шашты қалай тез өсіруге болады?” деген сұрақ төңірегінде оқырмандардың сұрануы бойынша жазып отырмыз.

“Шашты қалай тез өсіремін?” деген сұрақ көбіңізді мазалайтыны анық. Шаштарыңыздың тез өсуін қанша қаласаңыздар да ол өзінің табиғатынан асып, қалыпты жағдайдан жылдамырақ өспейді. Ең тез өскен күнде де ол жақсы күтім жасаудың арқасында іске асады. Яғни, өзінің ең жылдам өсу деңгейіне жетеді. Шаштың өсуін қалыпты жағдайына келтіру үшін оған ерекше көңіл бөлу керек, үнемі күтім жасау керек. Ал егер шашыңыз мүлдем баяу өсетін болса, онда шашыңыздың табиғаты солай немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған.

Сонымен, мамандар мен шаш өсірудің қыр-сырына қанық нәзікжандылар мынадай кеңес береді:

Қалыпты шашты (майлы да құрғақ та емес) аптасына екі рет жуу керек. Жуған кезде судың қайнаған болуы және температурасы +37 мен +39 °C аралығында болғаны абзал;
Шаш біраз өскен кезде оның ұштары шашақталып кетеді. Ондай жағдайда шаштың ұштарын кесіп тұру керек. Бұны орташа үш айда бір рет істеуге болады;
Шашты жуғаннан кейін оған химиялық қоспары жоқ немесе химиялық күші әлсіз қоспалары бар нәр бергіш заттарды пайдаланыңыз;
Шашты сәндеу үшін шашты бұйралайтын құралды (плойка) пайдаланбауға тырысыңыз. Себебі, ол шашқа аз деңгейде болса да зиян келтірмесе, пайда келтірмейді;
Шұғыл жағдай болмаса, шашыңызды фенмен кептірмеңіз. Фенді пайдалану шаштың құрғауына әкеліп соғуы мүмкін;
Шашыңызды тарағанда соңғы жағынан бастап тараңыз (алдымен төменгі жағын тарап алыңыз), жайменен жоғары қарай тараңыз. Шашты тарағанда тарақтың массажка тарақ немесе ағаштан жасалған тарақ болғаны дұрыс. Шаштың түбіріне жеткен кезде шашқа арналған щеткамен шашты тұтастай 100 реттей тарасаңыз, шашқа массаж жасаған боласыз;
Шашыңыздың дұрыс өсуі үшін шаш түбірлері орыналасқан бас терісінің күтіміне де дұрыс көңіл бөлу керек. Шаш түбірлері орынасласқан бас терісі аймағында қан айналым дұрыс жұмыс жасаса, онда шаштың өсуі дұрысталады.

Жоғарыда қарапайым әрі маңызды әдістер жазылды. Бұлардан бөлек сан мыңдаған рецептілер бар. Олардың арасында шашты өсіруте оң әсерін тигізетіндері мен еш пайдасы болмайтындары да болады. Сондықтан, кез-келген рецептіні таңдамас бұрын оның пайдаланып, оң нәтижеге жеткендердің тәжірибесіне сүйеніңіз, немесе мамандардың кеңесін алыңыз.

Есте сақтаңыз! Бұл күнге дейін шашты шамадан тыс жылдам өсіріп жіберетін зат әлі табылмады. Біреулердің жалған жарнамасына алданып қалмауыңыз үшін осыны есте сақтасаңыз жеткілікті.

0 дауыс

Шашты тез өсіргің келсе Глэнд Ләш фирмасының шаш өсіруге арналған заты бар. Соны қолдан, 1 ай ішінде нәтиже береді. Өзім қолданғам.Бағасы бірақ қымбат.(30 мың)

0 дауыс

уйде болганда шашынды дымкылдап тур жиі жуу шашынды 

0 дауыс

Шашты тез өсірудің ең оңай амалы үнемі шашты өріп жүру. Бұл жақсы көрсеткіш береді.

0 дауыс

Шашты өсіруге ошаған майын пайдаланып көр.Мен де оны пайдаландым.Шашым әжептеуір өсіп қалды.Сіз де пайдаланып көріңіз.

Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы: Шаштың түсуін тоқтатады; Шашты өсіреді; Шашқа рең беріп, нәрлендіреді. Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін. Сондықтан біз сізге мына кеңестерді ұсынамыз: Шашыңызды жылы сумен жуыңыз. Шашты сығып, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін массаж жасағандай етіп, ошаған майын жағыңыз. Полиэтилен пакетін киіп, басыңызды орамалмен орап қойыңыз. Компресті 1-3 сағатқа қалдырыңыз. Негізінде түнде ұйықтар алдында жағып, таңертеңге дейін қалдырған дұрыс. Шашыңызды шампуньмен жуыңыз. Кем дегенде екі рет жуып, сумен шайып тастаңыз. Шашты табиғи жолмен кептіріңіз. Процедураны аптасына 1-2 рет істеп тұрыңыз. Кем дегенде 10-12 рет жасаңыз.

Ақпарат мына жерден ұрланды.

...