Көлік артына жапсырылған туфлидың суреті нені білдіреді?

0 дауыс
951 қаралым
Жол кептелісіне тап болдым. Жаңбыр жауып жаурап отырғанда , мына кептеліс те бір... Жанымызда тойотаны тізгіндеген ақсақал, өйтіп -бүйтіп алдымызға шығып алды. Міне қызық, артына,көліктің артқы терезесіне үшбұрыш белгі қойыпты, биік өкше туфлидың суреті бар, бір бұрышына "уважай меня" деп жазып қойыпты. Онысы несі?! Әрине ақсақал атаны құрметтейміз ғой, ал биік өкше туфли суреті нені білдіреді? У-деген белгіні білем. Ал мына белгі не болды екен?
Автосақтандыру

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Рөлде қыз бала отыр деген белгі - деп ойлаймын. Мынаны қарап көр.

+2 дауыс

Негізінде автокөлікті қыз айдап бара жатқанын білдіретін белгі ғой. Мүмкін қызының көлігі шығар.

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы