0 дауыс
6.8k көрілді

Көк шай (зеленый кофе) адамды шыныменде арықтады ма?

4500тг екен.Қалай ойлайсыз?

Баян Есентаева осы көк шайды ішіп,арықтаған деген рас па?

7 жауап

0 дауыс

Көк шайдың пайдасы

Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. [1]

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?

Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

0 дауыс
Арманшыл қыз интернеттегі жарнамаларды көп оқымаңыз олар өтірік болады.
–1 дауыс
Көк шай арықтауға пайдалы.
+1 дауыс

Көк шайдың пайдасы зор. Ал "жасыл кофенің" еш пайдасы жоқ. Ол кофе өндірісінің қалдықтары.

+1 дауыс
Көк шай ішкен пайдалы, бірақ арықтатпайды, тек зат алмасуды жақсартады. Баян Есентаева ішіп арықтаған деген жарнамалар жалған. Жарнама алаяқтардың жасап жүргені тауарын өткізу үшін жасайды. Менің апам алды жасыл кофені, ешқандай көмектескен жоқ, ақша бостан-босқа кетті.
+1 дауыс

oni Pust govoryat ta otirik dep edi goi

0 дауыс

Әрине арықтатады.Негізі одан гөрі спортпен шұғылдансай.Сол пайдалы

Ұқсас сұрақтар

...