0 дауыс
11.3k көрілді

Ешкі малының ерекшеліктері қандай?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Орыс тілінде демесең, күшті жазған барлығын сипаттап,артықшылығын

мына жерде http://fermer.ru/book/export/html/13508

Ештеңе етпейді. Өте жақсы жазылыпты. Керегім ішінде бар екен.
Рахмет!
оқасы жоқ,,,
0 дауыс

Ешкі (Сapra hіrcus) – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

1.Сілтемелемегенсің.
2.Сұраққа дым қатысы жоқ.
3.Сұрақты қоймас бұрын интернеттен өзім іздеп көргенмін.
неге "-1" бергенсің,,,,,сенің сұрағыңды оқып интернеттен іздеп болсын еңбектенді ғой солай да болуы керек пе?
Іздеп еңбектенген жоқ, уикипедиядан ала салды. Сұраққа қара, жауапқа қара. Ерекшеліктерін сұрағанмын.
жұбатхан! Ренжіме! "Іздеп еңбектенген жоқ" дейсін ендеше керек болса өзің неге "іздеп,еңбектенбейсің"
ешкінің қандай, қай жағынан ерекшелігін айтасың? барлығын сипаттап жазған ғой
Сен ренжіме, бірақ уикипедиядан іздей салу - оңайдың оңайы. Еңбек деп айтуға тұрмайды.
Ерекшеліктері деп оның басқа малдардан ерекшелігі айтамын. Мысалға:
Жылқы малының бір ерекшелігі - түйенің "кіші  дәретінен" қорқады, тері пайдалы.
...