Қазақстан жері көрсетілген тұңғыш тақырыптық карталар жинағы (“Ресейдің Азия бөлігінің атласы”) 1913 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Одан кейінгі жылдары елімізде “Қостанай облысы” (1963), “Қарағанды облысы” (1969), “Тың өлкесінің атласы” (1964), “Қазақстанның солтүстік облыстары” (1970), Қазақ КСР-нің атласы (2 томдық, 1982 және 1985) және бір томдық “Қазақ КСР-нің физикалық атласы” (1990) басылып шықты.
Қаныш Сәтбаевтың ерекше тұлға екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Қ.Имантайұлы геология мамандығын өте биікке көтерген адам. Ол әлемде ең бірінші болып Қазақстанның металлогениялық картасын жасады