0 дауыс
554 көрілді

Батыстың байұлы туралы мақала тауып бересіздер ма?

2 жауап

+1 дауыс

Байұлы — Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Байұлы этнонимі Түркі қағандығының кезінен бергі жазба деректерде жиі кездеседі. Орхон-Енисей жазбаларында Байырқу, ал Таң империясының жылнамаларында Байегу делінеді. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында болған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі 1- Шығыс Түркі қағандығының, кейін 2- Түркі қағандығының құрамына енеді.Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің бойын мекендегенін айта келіп: “бәрі де ауқатты, 60 мың адамдары бар, 10 000 әскер шығара алады” деп жазады. Билеушілерін “елтебер” деп атаған. 647—648 жылдары Байұлын елтебер Цюйлиши билепті. Канганьхэ өзенінің қазіргі атауы әлі анықталмаған, шамасы Селенганың жоғарғы аңғары болуы керек. Бірінші Түркі қағандығының құрамында болған сол кездегі 9 ата байырқу (баегу) тайпасын 7 ғасырдың 20-жылдарында қағандық ыдыраған соң, Сейяньто бірлестігі өзіне кіріптар етті. 647 жылы ол бірлестікті талқандаған Таң империясына тәуелді болады да, қытайлар оларды басқаратын орталық ретінде Юлин округін құрады. Бірақ мұның бәрі қағаз жүзінде қалып, шын мәнінде, байегулер империяға бағыныштылық білдірмейді. Ішкі істеріне қол сұға берген соң, түркі тайпаларының Байегу, сыцзе, пугу, тунло сияқты түркі тайпалары бас қосып, қытайдыңЧжан Женьтай басқарған жазалаушы әскерімен 660—661 жылдары аралығында үш рет соғысады. Ақыры, қаша ұрыс салған байегулерді қуған Чжан Женьтай әскері 662 жылдың қысындағы боранда Селенга өзенінің маңында қырғынға ұшырайды. Осы қақтығыстар нәтижесінде, Таң империясы түркілерді бодан қылу мақсатынан уақытша болса да бас тартуға мәжбүр болады.

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B

рахмет тағы да)))
0 дауыс
Сенің айтып отырғаның 12 ата байұлы жайында болар.Батыста,кіші жүзде 6 ата әлімнен бөлек,жетірудан бөлек,12ру бар,оларды 12ата бай ұлы дейді,Кіші жүзде Қыдырсыйық деген кісінің Қыдырқожа деген бала болған,ол кейін өте бай адам болған,4 әйел алып,солардан 12 бала болған: Адай,Шеркеш,Қызылқұрт,Байбақты,Ысық,Есентемір,Масқар,Таз,Беріш,Кете,тағы екеуі есіме түспей тұрғаны,Міне осыларды Байұлы дейді.
...