Мен алғашқы ұстазымды мүлде ұмытай алмаймын. Әрине, анаңды қалай ұмытарсың?)
Алғашқы ұстазым - анам, мені де, інімді де өзі оқытты. Екеумізге де сынып жетекші болды, ана болды.
Аты - Гүлнара Пірманова (мұнда және мында оның еңбектері бар).
Мен балабақшаның алғашқы екі айын оқып бірден бірінші сыныптың ІІ тоқсанына түскен адаммын. Қатарластарымнан екі жас кішімін (кейбіреулерінен бір жас). Сонда да үлгерімім жақсы, 4-5, соңғы жылдары жау тиіп "3" араласқаны болмаса) Бірақ дене бітімімізден әжептеуір кішілігім білініп тұрады. Қатарға тұрғанда 12 баланың 11-іншісі болып тұрамын, яғни соңғының алдында.
Анам-төрт сыныпты бітірткен, талай түлектері бар ұстаз.