+1 дауыс
1.3k көрілді

Кең таралымды кейбір аурулардың медициналық-әлеуметтік қырлары туралы не білесіздер? Медициналық ерекшеліктері қандай?

1 жауап

0 дауыс

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЕҢ КӨП КЕЗДЕСЕТІН АУРУЛАР

Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Қышыма (prurіgo) – жұқпалы тері ауруы. Алғашқыда беті күлдіреген ұсақ қызғылт түйінді бөртпелердің шығып дуылдап қышуынан байқалады. Бөртпелер, көбіне саусақ арасына, шапқа және тақымға түседі (кейде кеудеде байқалады, оны строфулюс не балалар есекжемі деп атайды). Қасығаннан бөртпелердің беті жарылып, қанталап кетеді. Қышыма, негізінен, кішкентай балаларда, әсіресе, олардың белгілі бір тамаққа әдеттегіден тыс сезімталдығынан болады (қ.Аллергия). Сондай-ақ, тамақ дұрыс тамақтанбаудан, кейбір тағамды мөлшерден тыс көп жегеннен (мыс., жұмыртқа, ет сорпасы, қант, жеміс-жидек, әсіресе, құлпынай, апельсин, т.б.), кейде тіпті сүт, т.б. тағамдарға да аллергия болуы мүмкін. Қатты қасынғаннан бөртпелердің ішіне іріңді инфекция қоздырғышы түсіп, ол іріңді жара ауруларына ұласып кетуі мүмкін. Әбден жүдеп әлсіреген, мешел және жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балаларда қышыма ауыр өтеді және жазылуы да қиын. Ересек адамдарда қышыма асқазан-ішек жолдары қызметінің (ішек, бауыр), жүйке және эндокриндік жүйелердің бұзылуынан және созылмалы инфекция ошақтарына (тонзиллит, гайморит, т.б.) байланысты пайда болады. Жиі қышыну көптеген жүйке-психик. ауруларда, кейбір қан айналым жүйесінің сырқатында (лимфогрануломатоз, лимфосаркома, т.б.), организмнің қартая бастаған кезінде де байқалады. Ересектердегі бөртпе сипаты да балалардағыдай, кейде ол ұлғайып қатты қышитын, сұрғылт түсті бөртпеге (диаметрі 0,5 сантиметрдей) айналады. Ауру білінісімен, әсіресе, қатты қышынып мазасызданғанда дәрігерге (дерматологке) көріну, науқастың диета сақтауы қажет. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ащы тамақтарды, жұмыртқа, апельсин, лимон, қалбырланған және тәтті тағамдардың болмауы шарт. Таза ауада көп жүріп, денені таза ұстау керек. Қышынуды бәсеңдету үшін емен қабығы мен итошаған салған жылы ванна қабылдау керек.

Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің  вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.

Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). 1906 ж. Көкжөтелді бельгиялық ғалым Ж. Борде (1870 – 1961) ашқан. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады. Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді, аурумен жақын араласқан 7 жасқа дейінгі балаларды басқалардан оқшаулап (2 аптаға, ал егер сырқатпен бірге тұрған болса – 25 күнге дейін) карантин жариялайды. Ауру баланы қалалық көлікпен алып жүруге болмайды. Көкжөтелді жоғары қысымды таза ауамен (баротерапия) емдейді. Науқас балаға витамині мол құнарлы тамақ ішкізу қажет. Режим сақтап, тек дәрігер белгілеген әр түрлі антибиотиктерді уақытымен қабылдауы керек.

Көз тию – дәстүрлі қазақ қоғамындағы наным-сенім түрі. Қазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға, т.б. тіл-көз тиеді деп есептелген. Бәйгеде озған жүйрік атқа көз тиеді деп сақтанып, елге көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Ащылау – тұзды уыстап, баланың жалаңаш денесіне басып, Көз тиюді қайыру әдісі. Жетісу өңірінде жеті ұсақ тасты тұмарша етіп шүберекке тігіп шолақ жең қамзолдың жағасының астыңғы жағына көзге түспейтіндей етіп тігіп қою салты бар. Бұл да тіл-көзден сақтану шарасы. Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған. “Түкіру” көптеген халықтардың магиялық және діни әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарады. Мысалы, жас келінге, нәрестеге қызыға қараған адамдарды көзің тиеді деп ырымдап, түкіруге мәжбүр еткізеді. Немесе біреуді мақтап жатқан кезде “тіл – аузым тасқа” деп айтады. Егер адамға, не малға көз тисе, “тіл кестіру” арқылы емдеген. Емнен кейін “құдайы” ас беріледі. Сауыққан адам біраз уақыт ешкіммен сөйлеспеуі керек.

Бұдан басқа:

Артериялық қысымның артуы, артериялық қысымның төмендеуі;
Ұйқысыздық;
Ми шайқалуы;
Бассүйекішілік қысым;
Көзішілік қысым, көз аурулары;
Құлақ, тамақ, мұрын аурулары, қатерлі ісіктері;
Жемсау;
Мойынның беткі және тереңдегі лимфа түйіндерінің қабынуы, аяқ-қолдағы тамырлардың варикозды кеңеюі;
Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары;
Құяң, невралгия, невриттер, астениялық жағдайлар;
Мойын-кеуде қуысының, бел-сегізкөз тұсының, тізбе буындарының остеохондрозы;
Ревматизм, полиартрит, артрит, артроз;
Зәр қышқылының көп мөлшерде түзілуі (подагра);
Өкпе қабынуы (жедел және созылмалы), қатерлі ісіктері;
Әйелдер мен ерлердің омырау бездерінің қабынуы, қатерлі ісіктері;
Өттасы, несептас, бүйректегі тас аурулары, қатерлі ісіктері;
Өт жолдарының қабынуы;
Ұйқы безінің қабынуы;
Ішек аурулары мен қатерлі ісіктері, іш жүрмеуі;
Көтеу;
Бүйрек аурулары (жедел және созылмалы), нефриттер  мен қатерлі ісіктер;
Цистит, созылмалы простатит, аденома, белсіздік;
Әйелдер жыныс мүшелері аурулары, қатерлі ісіктері;
Әйелдер бедеулігі;
Жабығу, күйзелу;
Шаршағыштық;
Бас айналуы;
Тағы басқа көптеген аурулар...

Әрқайсысын еңбектеніп әр жерден алғандықтан дереккөздерді сілтемелеп кетуге уақыт болмады. Яндекстен іздедім.
...