0 дауыс
1.7k көрілді

быз жастар Қазақстанның патриоты болуга лайыкпыз ба ? Оз жауаптарынызды далелдеп кетсеныздер !

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жастар – тәуелсіз мемлекетіміздің келешегінің кепілі.

Бұл – алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген сөз.  

Елбасы салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты құндылықтарының  біріне айналды. Президенттің тікелей бастамасымен мемлекетімізде тұңғыш рет біртұтас «Жас Ұлан» бірегей жастар қоз­ғалысы мен «Жас Қыран» атты жас балалар ұйымы құрылды. Сонымен қатар, «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары белсенді түрде  жұмыс жасауда.

 «Болашақ» халықаралық степендиясымен студенттер шетелде сапалы білім алуына қол жеткізді.  Жақында «Сәтті қадам» атты бағдарлама жүзеге аса бастады, онда Жоғары оқу орындарының 80 студентін ірі компаниялардан тәжірибеден өткізу көзделді.

 Өз басым Елбасымыздың тарапынан құрылып жатқан жастар ұйымдарын еліміздің болашағына салынған сапалы инвестиция деп санаймын.

 Өзім «Нұр Отан» ХДП-мен бірге көшелі жұмыс жасап отырған «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесімін.

Осыған байланысты күні кеше ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 15 сьезінде Елбасы «Жастар – біздің алтын қорымыз. Сондықтан да «Қазақстан – 2050» стратегиясында жастар саясатына ерекше маңыз берілді. Қазақстанның тәуелсіздігі, көк туымыздың мәңгілік желбіреуі үшін жасалып жатыр. Келесі ұрпақ ел үшін, жер үшін, өзім үшін деп еңбек ету керек. Тек қана еңбекпен бақытты боласың» деді.

Мемлекеттің көреген бастамалары негізінде жүзеге асып отырған оң қадамдарының нәтижесін мыңдаған  жас қазақстандықтар сезінуде. Еліміздің жастары еліне қажет екенін үнемі сезініп, өзінің батыл ойы мен армандарын белсенді жүзеге асыруда. Президентке осы қамқорлығы үшін біз жастар дән ризамыз!

Тәуелсіз Қазақстан өзінің жастарына айрықша үміт артады. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінін нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін ұлағатты ұрпақ деп біледі.

Қорыта келгенде, Елбасы айтқандай, «Әлемнің әміршісі – еңбек, еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек». Табысты еңбек бар жерде Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болмақ.

Өтірік жауап
...