Жаназа кілемдерін жастанып жүрген жоқпыз ба?

+2 дауыс
873 қаралым
Мама екеуміз таксимен базарға шықтық. Таксист бала жол бойында өзінің жолдас баласын отырғызып алды. Әлгі жігіт кілем сатады екен. Мешіттен арзан бағада, көп -көп алып базарда сатады екен. -Ол қай мешіт, жаназа кілемдерін айтып отырсың ба? Барлық мешіттерде сатыла ма? -деген мамамның сұрақтары шошытып жіберді-ау шамасы, базарға жетпей түсіп қалды. Таксист жігіт болса үнсіз. Шынымен де мешітке табыт орап барған кілемдер қайда кетеді, жерге төсеп тастаса керек те..бірақ үсті үстіне төсей бермейтін шығар ,артылғанын не істейді???
• Санаты: Қызық сұрақтар | 873 қаралым

1 жауап

+2 дауыс

Көркем қыз! Араб елдерінде кілемді қабырғаға ілмейді, жерге төсейді. Кілемді жастанады, соның үстіне намаз оқиды, ас ішеді. Жайнамаз ретінде бастарындағы сәлделерін пайдаланады.

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы