Қыз ұзатылғанда айтылатын халық әнін білмеймін,бірақ салт-дәстүрлік ән бар.Оны "АУЖАР"деп атайды. Қазір адамдар шатастырумен аужарды(жар-жар) келін түсіргенде айтып жүр.Бұл өрескел қателік,той болып келін түсіріліп жатқан жерде қуанышқа толы,көңілді әндер айтылуы керек.Ал аужар қызын ұзатып жатқан жақтың қоштасу әні болып есептеледі.Ал қыздың ел-жұртымен қоштасу әні"СЫҢСУ" деп аталады.Сондықтан да ұзатылу тойына айтатын әнді еркін таңдауыңызға болар деп ойлаймын,халық әндері ол жерде жарасымды ма,жоқ па оны да өзіңіз шешіңіз.