0 дауыс
6.8k көрілді
Молдавандардың (Молдавия) ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері жайлы мәлімет керек еді?

2 жауап

+2 дауыс
Елордасы және ең ірі қаласы - Кишинёв (Кишинэу)
Ресми тілдері -    Молдованша (Румынша)
Үкімет түрі     Республикасы
 —      Президенті  -    Владимир Воронин
 —      Премьер-Министрі - Зинаида Гречаная
Тәуелсіздігі     КСРО елінен
 —      Date      -    1991 Тамыздың 27
 —      Finalised  -    1991 Желтоқсанның 25
Жұрты
 —      Қаң 2006 сарап.  -    3,395,6002
 —      2004 жұрт санағы -    3,383,3322
ЖІӨ (АҚТ)     2005 сарап.
 —      Бүкіл     $9,367 million (141st)
 —      Жан басына шаққанда     $2,374 (135th)
Ұлттық ақшасы   -    лей (MDL)
Интернет үйшігі   -    .md
Телефон белгілемесі    -    +373

Молдова, Молдова Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км2. Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. 14-ғасырдың 2-жартысында тәуелсіз Молдавия князьдығы құрылды. Ол 15 – 18-ғасырларда Осман империясына тәуелді болды. 18-ғасырдағы орыс-түрік соғыстарынан кейін Молдова Ресей империясының қол астына кірді. 1917 – 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі — Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес – герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 – 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 – 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды.[1]

Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала – тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері – Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады.[2]

Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады.

Молдованы үш жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан. Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны — Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды.

Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі. Шарап жасау — 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.
Берік маған ең қажетті болып тұрғаны Молдавандардың ұлттық тағамдары мен, салт - дәстүрлері еді!
Оййййй! Сұрақты дұрыстап оқымаппын. Бірден жауап беріп жіберіппін. Кешіріңіз!(headbang):D
маган Молдаванын астанасы туралы керек
Молдаванын облыстары туралы малиметтер бар ма
+3 дауыс
Молдавия қалаларының тізімі:

Молдавияда қала дәрежесіне 65 елді мекен ие. Төменде алдымен дәстүрлі атауы, жақша ішінде Молдавияның өзінде қолданылатын атауы келтірілген.

    Атаки (Отачь)
    Бельцы (Бэлць)
    Бендеры (Бендер)
    Бессарабка (Басарабяска)
    Бируинца (Бируинца)
    Бричаны (Бричень)
    Быковец (Буковэц)
    Вадул-луй-Водэ (Вадул луй Водэ)
    Ватра (Ватра)
    Вулканешты (Вулкэнешть)
    Гиндешты (Гиндешть) бұрынғы Ленинский
    Глодяны (Глодень)
    Днестровск (Днестровск)
    Григориополь (Григориополь)
    Дондюшаны (Дондушень)
    Дрокия (Дрокия)
    Дубоссары (Дубэсарь)
    Дурлешты (Дурлешть)
    Единцы (Единец)
    Кагул (Кахул)
    Каинары (Кэинарь)
    Калараш (Кэлэрашь)
    Каменка (Каменка)
    Кантемир (Кантемир)
    Каушаны (Кэушень)
    Кишинёв (Кишинэу)
    Кодру (Кодру)
    Комрат (Комрат)
    Костешты (Костешть)
    Красное (Красное)
    Криково (Крикова)
    Криуляны (Криулень)
    Корнешты (Корнешть)
    Купчинь (Купчинь) бұрынғы Калининск
    Леово (Леова)
    Липканы (Липкань)
    Маркулешты (Мэркулешть)
    Маяк (Маяк)
    Ниспорены (Ниспорень)
    Новотираспольский (Тирасполул Ноу)
    Новые Анены (Анений Ной)
    Окница (Окница)
    Оргеев (Орхей)
    Резина (Резина)
    Рышканы (Рышкань)
    Рыбница (Рыбница)
    Слободзея (Слобозия)
    Сороки (Сорока)
    Страшены (Стрэшень)
    Сынжера (Сынджера)
    Сынжерея (Сынджерей) бұрынғы Лазовск
    Тараклия (Тараклия)
    Теленешты (Теленешть)
    Тирасполь (Тирасполь)
    Унгены (Унгень)
    Фалешты (Фэлешть)
    Флорешты (Флорешть)
    Фрунзе (Фрунзэ)
    Хынчешты (Хынчешть) бұрынғы Котовск
    Чадыр-Лунга (Чадыр-Лунга)
    Чимишлия (Чимишлия)
    Шолданешты (Шолдэнешть)
    Штефан-Водэ (Штефан Водэ) бұрынғы Суворово
    Яловены (Яловень)
    Яргара (Яргара)

Осы тізімдегі Тирасполь, Бендеры, Дубоссары, Рыбница, Каменка, Григориополь, Слободзея, Маяк, Новотираспольский, Красное, Днестровск қалалары Приднестровье Молдав Республикасы атты танылмаған мемлекеттік құрылымның бақылауында және Молдавия билігіне іс жүзінде бағынбайды.

Байланысқан сұрақтар табылмады

...