Қалмақ деген сөз хальмг, халимаг деген сөздерден, жоңғар сөзі жунгар, зюнгар деген түбірден шыққан екен. Бар білетінім осы.
"...Жоңғар сөзі моңғол тілінде «Зүүн гар» деген сөз. Қазақша мәні – «Сол қанат». Бұл елдің, мемлекеттің атауы емес, әскери стратегиялық маңызға ие қорғаныс шебінің атауы. Нақтырақ айтқанда, батыс жақты, яғни, сол қанатты қорғап тұрған әскери шеп.
Нақты тарихи дерекке келсек «қалмақ» деп жүргеніміз ойратардың іргелі тайпасы-торғауыттардың атауы. Торғауыттар қалай қалмақ аталып жүр дегенге тоқталсақ, 1630 жылдары шығыстан торғауыттар батысқа қарай Волга бойына үдіре көшті. Тарихта осы үдіре көшушілерді «халимаг» деп атады. Қазақшасы – «жер ауып көшушілер» деген мағынаға ие.
Демек, «қалмақ» атауы ХҮ ғасырдың ортасында пайда болған. Ал, ХІ-ХІІ ғасырға тән батырлық дастандарға аты-заты жоқ қалмақ қалай кіріп кеткен. Бұл әдейі бертінде қолдан жасалған. Отарлаушы орыстар өздерінің қанды ізін жасыру үшін, қазаққа «қалмақ» дейтін жау тауып берген. Өздерін сол қалмақтан құтқарушы ретінде тарихқа енгізген. Тарихтағы қалмақпен болған соғыстың көбі өтірік. Осыған тауық миымыз әлі жетпей жүр.
Біздің білетініміз, моңғолдардың тарих оқулықтарында «Қазақпен соғыстық, жауластық» дейтін бірде-бір сөз жоқ. Олардың салақтығынан деп ойламаңыз, олар 1240 жылдың өзінде «Құпия шежіре» дейтін тарихи оқулық жазып, ХІІІ-ХҮ ғасырларда мемлекет тарихына қатысты 10-нан астам үлкен жазба қалдырған жұрт. Осы кітаптардың бірде-бірінде қазақпен соғыстық дейтін сөз жоқ..."
Дерек көзі.